ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ НЕГІЗІНДЕ ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ КЕҢІСТІКТІК ОЙЛАУЫН ДАМЫТУ

2026

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32014/2026.2518-1467.1253
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада цифрлық технологияларды пайдалану арқылы геометрияны оқыту барысында оқушылардың кеңістіктік ойлау қабілетін дамытудың ғылыми-әдістемелік мәселелері қарастырылған. Зерттеудің мақсаты – компьютерлік бағдарламаларды пайдалану арқылы геометриялық денелер мен олардың жазықтықпен қималарын салуды оқыту, оқушылардың кеңістіктік елестетуі мен ойлауын дамытудың тиімді жолдарын айқындау. Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдау нәтижесінде кеңістіктік ойлауды дамыту ұғымының мәні нақтыланып, оның мазмұны мен құрылымдық ерекшеліктері айқындалған. Зерттеу жұмысында цифрлық технологияларды пайдалану негізінде кеңістіктік ойлауды дамытудың ғылыми-әдістемелік негіздері, оны жүзеге асыру әдістемесі, сонымен бірге GeoGebra бағдарламасы, 3D модельдеу құралдары, интерактивті платформалар және виртуалды ортаның дидактикалық мүмкіндіктері көрсетілген. Авторлар Алматы қаласындағы №208 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушыларымен жүргізген педагогикалық эксперимент барысында әзірленген және теориялық тұрғыдан негізделген әдістеменің тиімділігін дәлелдеді. Геометрия сабақтарында көпжақтардың қималарын салуды оқыту кезінде цифрлық технологияны қолдану арқылы білім алған эксперименттік сынып оқушыларының оқу нәтижелері бақылау тобы оқушыларының нәтижелерінен жоғары болды. Алынған нәтижелер цифрлық технологияларды пайдаланып көпжақтардың қималарын салуды оқыту оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, олардың кеңістіктік ойлау деңгейінің едәуір жақсартқанын көрсетті. Ұсынылған әдістеме оқушылардың кеңістіктік түсініктері мен елестетуі, кескіндерді визуализациялау дағдыларын дамытуға және кеңістіктік ойлау қабілеттерінің дамуына оң ықпал етеді. Зерттеу нәтижелері жалпы білім беретін мектептердің геометрия сабақтарында цифрлық технологияларды тиімді пайдаланудың ғылыми-әдістемелік негізі бола алады.