ЖОҢҒАР БАСҚЫНШЫЛЫҒЫ КЕЗІНДЕ ҚОЛ БАСТАҒАН СЕМЕЙ – ЕРТІС ӨҢІРІНІҢ БАТЫРЛАРЫ

2024

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.53360/3107-0493-2024-1(1)-6
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада жоңғар шапқыншылығы кезіндегі Семей – Ертіс өңірінің жоңғарларға қарсы күресі, ел басқарған хандар мен батырлардың рөлі және олардың қазақ халқының бірлігін нығайтуға қосқан үлесі талданады. Сонымен қатар, қазақ батырларының елінің тәуелсіздігі мен жерін қорғаудағы сыртқы басқыншылыққа қарсы тұруға қосқан ерлік істері шежіре деректеріне сүйене отырып сарапталады. Жоңғар басқыншыларына қарсы әскери қимылдарға белсене қатысқан Семей – Ертіс жауынгерлерінің әскери ерліктері, әлеуметтік рөлі мен қазақ халқының қоғамдық санаға әсері бағаланады. Мақалада шежіре, аңыз-әңгімелер, фольклор сияқты тарихи дерек көздері, сонымен қатар қазіргі тарихи зерттеулердің нәтижелері пайдаланылған. Зерттеудің әдістемелік негізі тарихи-салыстырмалы талдау, тарихи-генетикалық әдіс және жүйелік талдау әдісі болды. Зерттеу нәтижесінде Семей – Ертіс жауынгерлері қазақ халқының бірлігін нығайтуда маңызды рөл атқарғаны анықталды. Олар тек әскери қолбасшылар ғана емес, сонымен бірге өз отандастарын азаттық үшін күресуге баулитын рухани тәлімгерлер болды. Олардың ерліктері қазақтың ұлттық болмысының қалыптасуына және тарихи жадын сақтауға ықпал етті. Жоңғар шапқыншылығы жағдайындағы Семей – Ертіс батырларының рөліне жан-жақты талдау жасау арқылы, еңбекте алғаш рет Семей – Ертіс жауынгерлері қатысқан соғыс қимылдары туралы деректер жүйеленіп, олардың қоғамдық санаға ықпалы талданады. Зерттеу нәтижелері тарихшыларға, этнографтарға, сондай-ақ Қазақстан тарихына қызығушылық танытатын қалың оқырманға пайдалы болуы мүмкін.