Бауыр құрылымындағы паренхималды емес клеткалар

2026

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/3005-6217.2026.88.2.007
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл ғылыми жұмыс бауыр құрылымындағы паренхималды емес жасушалардың морфологиялық, морфометриялық және функционалдық ерекшеліктерін зерттеуге арналған. Бауыр ағзасы метаболизм, детоксикация, иммунологиялық қорғаныс және регенерация процестерінде жетекші рөл атқарады. Оның жасушалық құрамының шамамен 20-40%-ын паренхималды емес жасушалар құрайды. Оларға синусоидты эндотелий жасушалары, Купфер жасушалары, Ито (жұлдыз тәрізді) жасушалары, Pit жасушалары, дендритті жасушалар, холангиоциттер және Пирогов–Лангханс алып жасушалары жатады. Зерттеу жұмысының мақсаты – бауыр құрылымындағы паренхималды емес жасушалардың морфометриялық көрсеткіштерін анықтау және олардың патологиялық жағдайлардағы (қант диабеті және туберкулез) өзгерістерін салыстырмалы талдау. Зерттеу нысаны ретінде 120-150 г салмақтағы 10 егеуқұйрық және 350-400 г салмақтағы 7 теңіз шошқасы алынды. Қант диабеті модельденген егеуқұйрықтарда Купфер жасушаларының морфометриялық көрсеткіштері зерттелді. Ал Mycobacterium tuberculosis таяқшасымен жұқтырылған теңіз шошқаларында бауырдың макро- және микроскопиялық өзгерістері, соның ішінде гранулемалар мен Пирогов–Лангханс алып жасушаларының түзілуі талданды. Гистологиялық зерттеулер гематоксилин-эозин және Ван-Гизон әдістерімен бояу арқылы жүргізілді. Морфометриялық талдау Karl Zeiss микроскобы және Zen бағдарламасы көмегімен орындалды. Зерттеу нәтижесінде қант диабеті жағдайында Купфер жасушаларының көлемінің ұлғаюы және санының артуы анықталды, бұл олардың компенсаторлық-адаптациялық белсенділігінің күшеюін көрсетеді. Туберкулездік зақымдану кезінде бауырда гранулематоздық қабыну, казеозды некроз және Пирогов–Лангханс жасушаларының түзілуі байқалды. Алынған мәліметтер бауырдың паренхималды емес жасушаларының патогенездегі рөлін терең түсінуге мүмкіндік береді және клиникалық диагностика мен емдеу тәжірибесінде қолдануға ғылыми негіз бола алады.