ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХЫНДА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРҒА БІЛІМ БЕРУДІҢ ТАРИХИ НЕГІЗІ

2026

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2026.89.2.017
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Білім беру адамның жеке басын толық дамытуға және адам құқықтары мен негізгі бостандықтарына құрмет көрсетуді нығайтады. Бүгінгі таңда көптеген мемлекеттер мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқығын мойындайды және бұл құқықты біртіндеп тең мүмкіндіктер негізінде жүзеге асыруда. Сол сияқты біздің еліміздің білім беру саласында мүмкіндігі шектеулі балалардың қол жетімді және сапалы білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру құқығы бекітілген. Оны жүзеге асыруда Қазақстан республикасы мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтарын қамтамасыз ететін халықаралық құжаттарды ратификациялап, оларға толыққанды білім беру қағидаттарын енгізуде бірқатар шаралар қабылдады. Осы тұрғыда елімізде қоғамның барлық мүшелерінің, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуына жағдай жасалуда. Мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру ісі мемлекет саясатының бір бөлігі болып табылады. Қазақстандамүмкіндігі шектеулі балаларға білім берудің қалыптасу тарихи негізін шет елдердің заңнамалық құжаттарымен салыстыра отырып талдау, бүгінгі таңда әлемдік білім беру үрдісінде мүмкіндігі шектеулі балаларды тәуелсіз, толыққанды және лайықты өмірге дайындайтын сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылатындығын көрсетеді. Дегенменде, бүгінгі таңда мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруді жүзеге асыруда бірыңғай нақты құжаттың болмауы қоғамда түрлі қиындықтар туғызуда. Бұл зерттеу жұмысы алдағы уақытта әлі де ғылыми тұрғыдан кең ауқымда зерттеуді қажет ететін мәселелердің бірі болып табылады.