ЗОРАСТРИЗМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ОРТА АЗИЯ ХАЛҚЫНЫҢ МӘДЕНИ-ТАРИХИ ДӘСТҮРЛЕРІНДЕГІ МАҢЫЗЫ

2026

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2026.89.2.020
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада ең көне діндердің бірі – зороастризмнің Орталық Азия мен Қазақстан халықтарының тарихи және мәдени мұрасындағы маңызы қарастырылады. Маздеизмнің аймақтың автохтонды халқының одан да ежелгі наным-сенімдерімен сабақтастығы айқын параллельдер арқылы көрсетіледі.Зороастризм культінің тек парсыларға ғана тиесілі екендігі жөніндегі пікірге күмән келтіріліп, оның бастау көздері қазақ этносының протопредктеріне айналған сақ тайпалары арасында қалыптасты деген тұжырыммен келісім білдіріледі. Діни ілімнің түркі халықтары-ның рухани мәдениетімен және діни көзқарастарымен тығыз байланысы негізделеді.Қолданыстағызерттеулерді жинақтау зороастризм канондарының кейінгі әлемдік діндердің бастапқы үлгілері болғандығын пайымдауға мүмкіндік береді. Әлемдік авестатанушылар «Авеста» мазмұнының тарихи шынайылығы мен даусыздығын мойындайды.Осылайша, от культі тек зороастризмнің айрықша прерогативасы бола алмайды; ол сақ тайпаларының, сондай-ақ олардың ұрпақтары – түркілердің діни наным-сенімдерінде кеңінен қолданылған. Сонымен қатар, генетикалық гаплотоптар бойынша деректерді зерттеудің соңғы нәтижелері ежелгі Иран мен Тұран халқының этникалық жақындығын көрсетеді. Бұл жайт «Авеста» деректерінде айқын көрініс табады.Зороастризм ментәңіршілдіктегі от культі ежелгі ирандық және түркілік ортада кең таралған құбылыс болғанын көрсетеді. От культінің қалыптасуы сақ қоғамында басталып, кейін түркі тайпалары тарапынан игерілген.Мақалада ежелгі діндердің бірі – Орталық Азия мен Қазақстан халықтарының тарихи және мәдени мұрасындағы зороастризмнің маңызы қарастырылады. Маздеизмнің сабақтастығы аймақтың автохтонды тұрғындарының ежелгі наным-сенімдерімен айқын параллель. Табынушылықтың тек парсыларға тиесілі екендігі даулы, қазақ этносының ата-бабаларына айналған сақ тайпалары арасында зороастризмнің пайда болуы туралы тезиске келісім беріледі. Діни ілімнің түркі халықтарының рухани мәдениетімен және діни көзқарастарымен тығыз байланысын негіздеу жүргізілуде.