ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРДЫҢ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-МАЗМҰНДЫҚ МОДЕЛІ

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2026.90.2.014
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Инклюзивті білім беру білім алушылардың әртүрлілігінің құндылығына, олардың оқу қабілеттерін тануға және әр баланың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру процесін ұйымдастыруға баса назар аударады. Болашақ педагог-психологтардың бірлескен, ерекше ұйымдастырылған диагностикалық қызметі зерттелетін санаттағы балалардағы психоәлеуметтік дамудың типтік бұзылыстары, оларды түзету және дамудың қайталама бұзылыстарының алдын алу мүмкіндіктері туралы теориялық білім мен идеяларды неғұрлым берік және мағыналы меңгеруге ықпал етуі мүмкін. Кез-келген модель зерттеу тақырыбының функцияларын, оның байланыстарын сипаттайтын құрылымдық элементтер жүйесін ұсынуға мүмкіндік береді. Құрылымдық-мазмұндық және құрылымдық-функционалдық модельдер жоғары кәсіптік білім беру стандарттарының талаптарына, қоғамның әлеуметтік тапсырысын және еңбек нарығында нақты мамандардың сұранысын ескеруге негізделуі керек. Сондықтан, инклюзивті білім беру жағдайында болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыруүдерісін сипаттау үшін зерттеу міндеттеріне жауап беретін құрылымдық-мазмұндық модельді таңдадық. Модельдің құрамдас бөліктері модельдеу пәнінің, модельдеу субъектінің және педагогикалық үдерістің барлық қатысушыларының білім беру ортасының өзара әрекеттесу логикасын сипаттауы керек. Инклюзивті білім беру жүйесінде болашақ педагогтар-психологтардың даярлау мемлекет пен қоғам деңгейіндегі объективті сұраныстарды теориялық және практикалық тұрғыдан айқындайды. Бұл мақсатты жүзеге асыру инклюзивті білім беру жағдайында болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасаудың қажеттілігін көрсетеді.