ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ БАСТАУЫШ СЫНЫПОҚУШЫЛАРЫНЫҢ «SOFT SKILLS» ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2026.90.2.036
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақалада ұлттық құндылықтар негізінде бастауыш сынып оқушыларының soft skills дағдыларын қалыптастыру мәселесі қарастырылады. Қазіргі жаһандану жағдайында білім беру жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі – оқушылардың тек академиялық білімін ғана емес, сонымен қатар олардың әлеуметтік бейімделуін, тұлғалық дамуын және өмірлік дағдыларын жетілдіру болып табылады. Осы тұрғыда soft skills ұғымы білім беру мазмұнының маңызды құрамдас бөлігі ретінде анықталады.Зерттеудің мақсаты ұлттық құндылықтар негізінде бастауыш сынып оқушыларының soft skillsдағдыларын қалыптастырудың мазмұны мен әдістерін айқындау және олардың тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жолмен дәлелдеу болып табылады. Зерттеу барысында теориялық талдау, салыстырмалы-педагогикалық талдау, бақылау, сауалнама және педагогикалық эксперимент әдістері қолданылды.Эксперименттікзерттеу Алматы қаласындағы жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныптарында жүргізілді. Эксперимент нәтижелері ұлттық құндылықтарға негізделген оқу-тәрбие іс-әрекетін жүйелі ұйымдастыру бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік, ынтымақтастық, өзін-өзі реттеу және жауапкершілік дағдыларының айқын дамуына ықпал ететінін көрсетті. Эксперименттік топта soft skillsкөрсеткіштерінің өсуі бақылау тобымен салыстырғанда едәуір жоғары болды.Зерттеу нәтижелері бастауыш білім беру тәжірибесінде ұлттық құндылықтарды soft skillsдағдыларын қалыптастырудың тиімді педагогикалық құралы ретінде қолдануға болатындығын дәлелдейді.