ВЕБ-САЙТТАР – ҮЛГЕРІМІ ТӨМЕН БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ПӘНДІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҚҰРАЛЫ

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2026.90.2.035
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақала Веб-сайттар арқылы оқу жұмыстарын ұйымдастырумен үлгерімі төмен бастауыш сынып оқушы-ларының пәндік құзыреттіліктерін қалыптастырудағы бастауыш мектепте цифрлық ресурстарды қолданудың мүмкіндіктерін, тиімділігін және педагогикалық шарттарын жан-жақты талдауға бағытталды. Зерттеу жұмысы теориялық және эмпирикалық әдістер негізінде орындалып, құзыреттілік, пәндік құзыреттілік және үлгерімі төмен оқушы түсініктері ғылыми негізде қарастырылды. Білім беру үдерісіндегі заманауи веб-платформалардың (BilimLand, iMektep, LearningApps, Khan Academy Kids және т.б.) функциялары, интерактивті мүмкіндіктері және оқушының оқу мотивациясын қалыптастырудағы рөлі сипатталды.Эксперименттік жұмыс барысында оқушылардың пәндік білім, оқу белсенділігі, өзіндік әрекет дағдылары және тапсырмаларды орындау динамикасы өлшенді. Нәтижелер веб-сайттарды жүйелі қолдану үлгерімі төмен оқушылар-дың пәндік құзыреттілігін арттыруға айтарлықтай ықпал ететінін көрсетті: орташа көрсеткіш 27,5 %-ға өсті, ал оқу белсенділігі 1,4 есеге артты. Зерттеу веб-ресурстарды қолданудың тиімді педагогикалық шарттарын айқындады: жеке оқу қарқынын ескеру, интерактивті тапсырмалар жүйесі, кезеңдік күрделендіру, кері байланыс пен өзін-өзі бағалауды ұйымдастыру.Жалпы қорытынды бойынша веб-сайттар бастауыш сыныптағы пәндік құзыреттілікті қалыптастырудың иннова-циялық құралы болып табылады және үлгерімі төмен оқушылар үшін оқу мотивациясын, өзіне сенімділікті және оқу нәтижелерін жақсартуға нақты мүмкіндік береді.