Тұлғаның қабылдауы мен психологиялық әл-ауқатына Барнум эффектісінің әсері

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5967.2026.87.2.004
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада тұлғаның қабылдауы мен психологиялық әл-ауқатына Барнум эффектісінің ықпалы қарастырылады. Барнум эффектісі адамның өзіне бағытталған жалпыланған және нақты емес сипаттамаларды жеке басына дәл сәйкес келеді деп қабылдау бейімділігін білдіреді. Зерттеудің мақсаты –Барнум эффектісінің тұлғаның өзін-өзі қабылдауына, «Мен» тұжырымдамасына және психологиялық әл-ауқат көрсеткіштеріне ықпалын теориялық және эмпирикалық тұрғыдан талдау. Зерттеуге Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алатын 20–22 жас аралығындағы 70 студент қатысты. Зерттеу барысында К. Риффтің «Психологиялық әл-ауқат шкаласы» әдістемесі қолданылды. Нәтижелер студенттердің өзін-өзі қабылдау, тұлғалық өсу, автономия, өмірлік мақсаттар және қоршаған ортаны басқару көрсеткіштері бойынша салыстырмалы түрде жоғары деңгейге ие екенін көрсетті. Сонымен қатар, тұлғаның өзін қабылдау ерекшеліктері мен психологиялық әл-ауқаты арасында өзара байланыс бар екендігі анықталды. Барнум эффектісі адамның өзі туралы ақпаратты қабылдауына әсер етіп, тұлғалық бағалаулардың қалыптасуына ықпал ететіні дәлелденді. Зерттеу нәтижелері тұлғаның психологиялық әл-ауқатын сақтау мен нығайтуда сыни ойлау дағдыларын дамыту және өзіндік рефлексияны жетілдірудің маңыздылығын көрсетеді.