БІРЛЕСКЕНІС-ӘРЕКЕТ ПРОЦЕСІНДЕ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІЕРЕСЕК ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДАSOFT SKILLS ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2026.90.2.030
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада мектепке дейінгі білім беру жүйесінде ересек мектеп жасына дейінгі балалардың икемді дағдыларының қалыптасуы қарастырылады. Балаларды білім берудің кейінгі сатыларына даярлаудағы және оларды ерте әлеуметтендірудегі коммуникативтік, әлеуметтік дағдылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес болу рөлі зерттеудің өзектілігі болып табылады. Soft skills түсінігінің мән-мағынасы теориялық тұрғыда терең талдана отырып, құрылымы мен мазмұны ересек мектеп жасына дейінгі жасқа қатысты ашылып көрсетілген. Коммуникативтік, эмоциялық, әлеуметтік- реттеуші дағдыларды балаларда бірлескен іс - әрекет процесінде қалыптастырудың педагогикалық шарттарына назар аударылады.Ересек мектеп жасына дейінгі балаларда эмоциялық жауаптылық, өзін- өзі реттеу, өзара әрекеттесуі мен ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыруда бірлескен іс-әрекет тиімді педагогикалық құрал ретінде қарастырылады. Икемді дағдыны дамыту мақсатында дамытушы қолайлы орта құруға бағытталған бірлескен іс - әрекетті ұйымдастырудың негізгі формалары мен қағидаттары талданады. Зерттеу материалдарын мектепке дейінгі білімберу ұйымдарының тәжірибесінде, сонымен қатар ересек мектеп жасына дейінгі балалардың білім аясын кеңейтуге, әлеуметтік маңызды дағдылыларын дамытуға арналған арнайы педагогикалық- психологиялық бағдарламалар мен әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу барысында қолдануға болады.