Дене шынықтыру сабағында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуда co-teaching әдісінің психологиялық тиімділігі

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5967.2026.87.2.014
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақалада дене шынықтыру сабақтарында бірлескен оқыту (co-teaching) тәсілін қолданудың мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық дамуына әсері қарастырылады. Қазіргі таңда инклюзивті білім беру ерекше білім беруді қажет ететін балалардың тек білім алуына ғана емес, олардың эмоциялық әл-ауқатын, әлеуметтік бейімделуін және тұлғалық дамуын қолдауға бағытталған маңызды үдеріс ретінде танылады. Осы тұрғыдан алғанда, дене шынықтыру сабақтарында co-teaching тәсілін қолдану оқушылардың психологиялық жайлылығын қамтамасыз етудің тиімді құралы болып табылады.Зерттеужалпы білім беретін мектептің 5–6-сыныптарында оқитын 32 оқушының (N = 32) қатысуымен жүргізілді. Зерттеу барысында әдебиеттерге шолу, жүйелі бақылау, сауалнама және салыстырмалы талдау әдістері қолданылды. Нәтижелер co-teaching тәсілінің оқушылардың сабаққадеген қызығушылығын, өзіне деген сенімділігін және әлеуметтік қарым-қатынас белсенділігін арттырғанын көрсетті. Сауалнама нәтижелері бойынша оқушылардың 76%-ы өздерін сенімді сезінгенін, 69%-ы қиындықтарды жеңе алғанын, ал 87%-ы мұғалім тарапынан жеткілікті қолдау алғанын атап өтті.Қорытындылайкеле, co-teaching тәсілі мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық әл-ауқатын қолдауға, өзіндік бағалауын арттыруға, ішкі мотивациясын күшейтуге және әлеуметтік-психологиялық бейімделуін жақсартуға тиімді ықпал ететіні анықталды. Зерттеу нәтижелері бұл тәсілдің инклюзивті білім беру жағдайында психологиялық қолдаудың маңызды құралы екенін көрсетеді.