Студенттердің әлеуметтік интеллекті мен стресске төзімділігінің өзара байланысы

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5967.2026.87.2.024
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақаладауниверситетстуденттеріарасындаәлеуметтікинтеллектпенстресскетөзімділік арасындағы өзара байланыс қарастырылады. Зерттеуде әлеуметтік интеллект пен стресске төзімділік ұғымдарына теориялық тәсілдер талданады, олардың психологиялық сипаттамалары анықталады және олардың өзара байланысы туралы эмпирикалық нәтижелер талқыланады. Зерттеудің мақсаты –университет студенттері арасында әлеуметтік интеллект пен стресске төзімділік арасындағы байланысты эмпирикалық тұрғыдан зерттеу. Зерттеу нәтижелері бойынша студенттерде әлеуметтік интеллекттің орташа және ортадан жоғары деңгейібасымекеніанықталды.Стресскетөзімділіккөрсеткіштерінегізіненорташадеңгейде байқалғанымен, студенттердің бір бөлігінде жоғары стресс реактивтілігі мен эмоционалдық тұрақсыздық белгілері анықталды. Копинг-стратегиялар құрылымында проблеманы шешуге бағытталған тәсілдер басым болып, эмоцияға бағытталған және қашқақтау стратегиялары орташа деңгейде көрініс тапты. Корреляциялық талдау нәтижелері әлеуметтік интеллект пен стресскетөзімділік арасында статистикалық мәндіоң байланыс бар екенін көрсетті(r ≈ 0,45–0,60; p < 0, 01). Сонымен қатар әлеуметтік интеллект пен проблеманы шешуге бағытталған копинг-стратегиялар арасында оң байланыс, ал эмоцияға бағытталған және қашқақтау стратегияларымен теріс байланыс анықталды. Стресске төзімділік те тиімді копинг-стратегиялармен оң, ал қашқақтау мінез-құлқымен теріс корреляция көрсетті. Зерттеу нәтижелері әлеуметтік интеллекттің студенттердің стресс жағдайларына бейімделуінде маңызды психологиялық ресурс екенін дәлелдейді. Ол эмоционалдық реттелуді, әлеуметтік қолдауды пайдалануды және конструктивті копинг-стратегияларды қолдануды қамтамасыз етеді. Ал төмен әлеуметтік интеллект деңгейі стресс реактивтілігінің жоғарылауымен және бейімделмеген мінез-құлық стратегияларының жиі қолданылуымен сипатталады. Осылайша, алынған нәтижелер зерттеу болжамын толық растайды және әлеуметтік интеллекттің студенттердің стресскетөзімділігін арттырудағы маңыздырөлін көрсетеді.