ТАРИХШЫ - ҒАЛЫМ С.БЕЙСЕМБАЕВТЫҢ ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКТЕРІ

2026

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2026.89.2.029
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл қарастырылып отырылған мақаланың маңыздылығы - Қазақстанның ғылымы мен мәдениетінің тарихына қоғамдық шығармашылықтың, қызығушылықтың өсуімен түсіндіріледі. Яғни, тарих ғылымының негізін салғандардың, нақты жеке адамның роліне баға беріп, олардың шығармашылық маңыздылығының мәніне терең түсінікпен қарау қажеттігі айтылады. Бүгінгі күнде жеке адамның қоғамдағы ролін зерттеу дәстүрге айналып, тарихта ерекше көрініс беріп, қолдау табуда. Бұл тұрғыда көрнекті ғалым-тарихшы, қоғам қайраткері, ғылым саласындағы ұйымдастырушы, Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі С.Б.Бейсембаев тек Қазақстанның ғана емес, бұрынғы Одақтас республикалардың тарихнама-сынан да ерекше орын алатындығында дау жоқ.ХХ ғасырдың басындағы ұлттық зиялылардың ролін тек біржақты жағымсыз көрсету кеңестік тарихнаманың жалпы әдіснамалық әлсіздігі болып табылады. Оның мәнісі шығыстағы, шет елдердегі ХХ ғасырдың басындағы ұлттық зиялыларының ролі кеңестік тарихнамада жағымды бағаланса, патшалы Ресейдің отарлы аймақтарына келген уақытта осы жай қарама-қарсы сипатталады.Кеңестік дәуірдегі Қазақстан тарихын барынша шыншылдықпен, асқан байыптылықпен, нақты тарихи, статистикалық, архив деректерімен көрсетіп бере алған С.Бейсембаев еңбектерінің бүгінгі күн тұрғысынан дұрыс бағалап, кейінгі ұрпақтың рухани байлығына айналдыру тарихшы-зерттеушілердің алдында тұрған үлкен міндет.