«Танымға деген қажеттілік шкаласының» қазақ тілді нұсқасын бейімдеу

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5967.2026.87.2.002
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақала Джон Качиоппо мен Ричард Петтидің «Танымға деген қажеттілік шкаласын» (The Need for Cognition Scale; NCS) қазақ тіліне бейімдеу және оның валидтілігі мен сенімділігін бағалауға арналған. Зерттеуге Алматы қаласының 17–55 жас аралығындағы 187 тұрғыны қатысты. Қазақ тілді іріктеу тобына қатыстыру критерийі – қатысушының орта мектепті қай тілде аяқтағаны. Ғылыми зерттеу жүргізу үшін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Медицина және денсаулық сақтау факультетінің жергілікті этикалық комитетінен ресми рұқсат алынды. Зерттеудің негізгі мақсаты – «Танымға деген қажеттілік шкаласының» қазақ тіліндегі нұсқасын жергілікті популяцияға бейімдеу және алынған мәліметтерді психофизиологиялық зерттеулер барысында, соның ішінде ми құрылымының дамуы мен қартаюы, когнитивтік функциялар және генетикалық маркерлер арасындағы байланыстарды талдауда қолдану. Сауалнама деректерін өңдеу IBM SPSS 23 бағдарламасында жүргізілді. Альфа-Кронбах коэффициенті есептеліп, ішкі үйлесімділік пен валидтілік көрсеткіштері талданды. Зерттеу нәтижелері қазақ тіліндегі NCS нұсқасының ішкі келісімділік деңгейі қолайлы екенін көрсетті. Алынған альфа-Кронбах коэффициентінің мәні шкаланы әрі қарай ғылыми зерттеулерде қолдануға мүмкіндік береді.