Психология ғылымында арт-психологиялық технологиялардың тұлғалық өсуге ықпалының теориялық және эмпирикалық зерттеліну жай-күйі

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5967.2026.87.2.016
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Психолог мамандарды даярлаудың сапасы олардың тұлғалық өсу деңгейімен тікелей байланысты болғандықтан, бұл мәселені ғылыми тұрғыдан қарастыру өзекті болып табылады. Дегенмен, Қазақстандық психология ғылымында арт-психологиялық технологиялардың тұлғалық өсуге ықпалын кешенді қарастыратын теориялық және эмпирикалық шолу зерттеулері жеткіліксіз. Мақаланың мақсаты –тұлғалық өсу феноменінің теориялық негіздемелерін жүйелеу, арт-психологиялық технологиялардың тұлғалық өсуге ықпалын зерттеген халықаралық және Қазақстандық эмпирикалық жұмыстарды талдау арқылы зерттеу саңылауын айқындау. PRISMA 2020 нұсқаулығы бойынша Web of Science, Scopus және RSCI деректер қорларынан 2017-2025 жылдар аралығындағы 43 зерттеу іріктелді. Нәтижесінде тұлғалық өсу теориялары гуманистік-экзистенциалдық, әлеуметтік-когнитивтік және эвдемоникалық бағыттар аясында жіктелді; арт-психологиялық технологиялардың студенттердің өзін-өзі тану, өзіндік тиімділік, эмоциялық реттеу және психологиялық әл-ауқат деңгейлерін статистикалық тұрғыдан айтарлықтай жоғарылататыны дәлелденді. Қазақстандық зерттеулер бұл бағытта алғашқы қадамдарды жасап жатқанымен, психолог-студенттерге арналған арт-психологиялық бағдарламаның рефлексия мен өзіндік сана аспектілері зерттелмеген бағыт болып қала береді. Мақала болашақ эмпирикалық зерттеулер үшін теориялық-әдіснамалық негіз ұсынады.