ICT МОДЕЛІ НЕГІЗІНДЕ ЖОО СТУДЕНТТЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫН БАҒАЛАУ

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2026.90.2.010
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада университет студенттерінің академиялық дайындық кезеңіндегі ғылыми-зерттеуге деген қызығушы-лықтарының деңгейін зерттеу ұсынылған. Осы тақырып бойынша отандық және шетелдік басылымдарға аналитикалық шолу жүргізілді. Әдістемелік негіз ретінде зерттеу мотивациясының құрылымдық тәсіліне негізделген ICT моделі пайдаланылды. Теориялық негізі ғылыми қызығушылық психологиялық құбылыс ретіндегі идеялардан, студенттердің ғылыми білімді меңгерудегі қажеттіліктерінен, сондай-ақ білім беру ортасындағы зерттеу мотивациясын жан-жақты талдау мүмкіндіктерінен тұрады.Қызығушылық деңгейі Г.Хекхаузеннің мотивация теориясы негізінде бағаланды, ол үш негізгі құрылымды анықтайды: мотивациялық, мазмұндық және техноло-гиялық. Осылардың негізінде студенттердің ғылыми-зер ттеу әрекетін саралауға мүмкіндік беретін бес деңгейлі зерттеушілік қызығушылық шкаласы әзірленді.Эмпирикалық зерттеу Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау универ-ситетінің 379 бакалавриат студенттерінің іріктеуімен жүргізілді (студенттердің жалпы санынан 5%). Мәліметтерді жинау және өңдеу сипаттамалық және салыстырмалы талдау әдістерін қолдану арқылы жүзеге асырылды. Визуализация және статистикалық өңдеу үшін MS Excel, Power BI, Statistica және R пайдаланылды.