«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ БАСШЫЛАРЫНЫҢ КӨШБАСШЫЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ» ҰҒЫМЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2026.90.2.005
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада қазіргі кездегі мектепке дейінгі ұйым басшыларынан күтілетін басшылық құзыреттіліктердің негізгі компоненті көшбасшылық дағдылары екендігіне тоқталып, осыған байланысты ғылыми әдебиеттерді зерттеу арқылы көшбасшылық және көшбасшылық құзыреттілік теорияларының тарихи эволюциясына талдау жасай отырып, басшының кәсіби-тұлғалық қасиеттері мен басқарушылық дағдыларының өзара байланысын негіздейді. Авторлар ғылыми-педагогикалық, психологиялық және арнайы әдебиеттерді зерделей отырып, «көшбасшылық құзы реттілік» ұғымының мәнін мектепке дейінгі ұйымдармен байланыстыра түсіндіріп, басшы-көшбасшыны барлық өзгерістердің маңызды стратегиялық ресурсы ретінде сипаттайды. Ол инновацияларды тудыруға және қабылдауға қабілетті, белсенділік пен шығармашылық танытуғадайын тұлға болып табылады. Зерттеу нәтижесінде көшбасшылық құзыреттіліктің тұлғалық, кәсіби және ұйымдық деңгейлерді біріктіретін үш сатылы иерархиялық моделі ұсынылған. Мақалада бұл модельдің алты негізгі компоненті егжей-тегжейлі сипатталған. Зерттеумақсатына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдар басшыларының көшбасшылық құзыреттілігінің мазмұнын анықтауға арналған түрлі көзқарастар мен ұстанымдар сараланды.