ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДАҒЫ САЯСИ ПАРТИЯЛАР МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДІҢ РӨЛІ

2026

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6270.2026.94.2.009
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада Қазақстандағы инклюзивті білім беру саясатының іске асуына саяси партиялар мен әлеуметтік желілердің ықпалы талданады. Инклюзивті білім беру қазіргі жағдайда тек педагогикалық ұйымдастыру мәселесі емес, әлеуметтік әділеттілік, азаматтық бақылау және мемлекеттік саясаттың ашықтығы ӛлшемдерімен байланысты қоғамдық сала ретінде қарастырылады. Зерттеудің дереккӛздік негізін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық құжаттары, саяси партиялардың бағдарламалық ұстанымдары мен жария коммуникациялары, Оқу-ағарту министрлігі мен халықаралық ұйымдардың есептері, сондай-ақ Google Trends платформасындағы іздеу динамикасы құрайды. Әдіснамалық тұрғыдан құжаттық талдау, мазмұндық талдау және салыстырмалы-сипаттамалық тәсіл қолданылды. Нәтижелер саяси партиялардың инклюзия тақырыбын кӛбіне білім сапасы, инфрақұрылым, әлеуметтік қорғау және ата-аналарды қолдау мәселелері арқылы кӛтеретінін кӛрсетті. Алайда партиялық құжаттарда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдауға арналған нақты индикаторлар мен жүйелі мониторинг тетіктері әрдайым айқын берілмейді. Әлеуметтік желілер қоғамдық назарды күшейтетін, жергілікті проблемаларды тез жария ететін және билік органдарына кері байланыс беретін ортаға айналғанымен, оларды қоғамдық пікірдің толық репрезентативті ӛлшемі ретінде қабылдау шектеулі. Мақала қорытындысында инклюзивті білім беруді дамыту үшін партиялар, қоғамдық ұйымдар, ата-аналар қауымдастығы, білім беру мекемелері және мемлекеттік органдар арасындағы тұрақты диалог пен ашық дерекке негізделген азаматтық мониторинг қажет екені негізделеді.