Аннотация
Мақалада Алматы қаласындағы 10–17 жастағы жасӛспірімдердің әлеуметтік желілерді, мессенджерлерді, қысқа бейне сервистерін және кӛпқатысушы ойын алаңдарын пайдалану ерекшеліктері сараланады. Зерттеу Uses and Gratifications және Affordance теорияларына сүйенеді, бірақ цифрлық арналарды балаға сырттан әсер ететін дара күш ретінде қарастырмай-ды; оларды құрдастармен күнделікті араласу тәжірибесіне кіріккен коммуникациялық орта ретінде пайымдайды. 2025 жылдың мамыр айында Google Forms арқылы 65 респонденттен сауалнама алынды; жекелеген сұрақтар бойынша жарамды жауап саны 62–64 аралығында болды. Эмпирикалық материалдар интернеттің сауалнамаға жауап берген топ үшін бос уақыт құралы шегінен асып, ақпарат алу, ӛзін таныту, құрдастармен сӛйлесу және топтық әрекетке қосылу арнасына айналғанын кӛрсетті. Кӛпқатысушы ойындарға қатысу мен достықты бағалау арасында статистикалық мәнді байланыс анықталды (χ² = 7,69; p = 0,021). Сонымен бірге желіде ӛзін еркін ұстау мен жалғыздықты жиірексезіну арасында әлсіз, бірақ мәнді корреляция байқалды (ρ = -0,279; p = 0,027). Нәтижелер мектептегі медиатәрбиені техникалық машықпен шектемей, эмоциялық қолдау, цифрлық этика және қауіпсіз сӛйлесу мәдениетімен ұштастырудың маңызын негіздейді.