АУТИСТІК СПЕКТРІ БҰЗЫЛЫСЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ИМИТАЦИЯ ДАҒДЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2960-1673.2026.85.2.003
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада аутистік спектрі бұзылысы (АСБ) бар 3–4 жастағы балалардың имитация (еліктеу) дағдыларының даму ерекшеліктері қарастырылады. Имитация баланың танымдық, коммуникативтік және әлеуметтік дамуының негізгі тетіктерінің бірі ретінде сипатталып, оның сөйлеу тілін, бірлескен әрекетті және әлеуметтік өзара әрекеттесуді қалыптастырудағы маңызы ғылыми тұрғыдан негізделеді. Зерттеудің мақсаты – педагогикалық технологияларды қолдану негізінде аутистік спектрі бұзылысы бар балалардың имитациялық дағдыларын қалыптастыру мүмкіндіктерін теориялық тұрғыдан негіздеу және эксперименттік жолмен тексеру. Мақалада Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, Д.Б. Эльконин, А.В. Запорожец және басқа да ғалымдардың теориялық тұжырымдары негізінде имитацияның психологиялық-педагогикалық мәні талданады. Сонымен қатар аутистік спектрі бұзылысы бар балалардың қимыл-қозғалыстық, вербалды және әлеуметтік-эмоциялық имитациясының ерекшеліктері сипатталады. Зерттеу барысында ойын технологиялары, визуалды қолдау, құрылымдалған оқыту және модельдеу тәсілдерінің түзете-дамыту жұмысындағы тиімділігі қарастырылады. Зерттеу нәтижелері арнайы ұйымдастырылған педагогикалық ықпалдың имитациялық дағдыларды дамытуға, әлеуметтік қарым-қатынасты жақсартуға және балалардың жалпы психикалық дамуын қолдауға мүмкіндік беретінін көрсетеді.