ЖАҺАНДЫҚ ТҰРЛАУСЫЗДЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ: ОРТАЛЫҚ АЗИЯ АЙМАҒЫНА АРНАЛҒАН КҮН ТӘРТІБІ

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.48371/ismo.2026.64.2.013
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Қазіргі кезеңде, Орталық Азия (ОА) елдері дүниежүзілік қауымдастықтың жетекші ойыншыларымен қатынастарды қалыптастырудың жаңа орамында. Авторлар жаһандық геосаяси сілкінісін есепке ала отырып, ОА елдерінің қауіпсіздігі мен ынтымақтастығын қамсыздандыру мүмкіндіктерін қарастырған. Қолданылған талдау әдістері мен баға беруді көрсете отырып, зерттеудің әдістемелік базасы ұсынылған. Аймақтың географиялық, табиғи-ресурстық және көлік-логистикалық өлшемдегі маңызы атап көрсетілген. Осы зерттеудің мақсаты – әлемнің әртүрлі аймақтарындағы әскери жанжалдар, аймақтық қауіпсіздік жүйелерінің дағдарысы, халықаралық координаталар жүйесінің өзгермелі архитектурасындағы Орталық Азияның рөлі мен орнын анықтау тәрізді қазіргі реалиялардағы әлемдік көшбасшылардың геосаяси және геоэкономикалық стратегияларының ерекшеліктерін айқындау.Осы еңбектің тұжырымдарына төмендегі қағидалар жатады:1) Қазіргі реалияларда дүниежүзі ауқымында маңызы бар акторлардың орталық-азиялық өріске деген өз мүдделері бар және соның нәтижесінде, көбіне әрбір жеке алынған ел мен бүкіл кеңістікті дамытатын бағдарламалармен ұштаспайтын, аймаққа қатысты белгілі әрекеттерді жүзеге асыратындығына қатысты маңызды факторды ескеру қажеттілігі;2) Осыған байланысты, барынша жағымсыз факторлар мен сыртқы әсерлердің салдарына, сондай-ақ, Ресейдің Украинаға қарсы соғысымен шартталған санкциялық саясаттың күшеюі, ұлттық экономикалардың ішкі дамуы, қаржы ресурстарының зәрулігі, институцияландырудың даму дәрежесінің жеткіліксіздігі, ОА елдерінің саяси, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық даму және т.б. көптеген аспектілерінің шешілмеуі тәрізді проблемаларға шалдығуға бейімді.3) Осындай күрделі жағдайда, ОА елдері стратегиялық әріптестік пен ынтымақтастық құрудың жалғыз заңды және рұқсатты векторы ретінде, халықаралық аренада көпвекторлылық пен прагматизм принциптеріне сүйенген сыртқы саяси бағытын ойластыра жүргізіп, жалғастыру қажет. Авторлардың пікірінше, жоғарыда айтылғандардың негізінде, геосаяси хаос жағдайындағы дүниежүзілік тәртіптің қазіргі шындығын есепке ала отырып, аталған аумақтық кеңістік субъектілері өз ресурстары мен потенциалдарын ішкі дамуға, өз экономикаларын нығайтуға, ынтымақтастықтың басым міндеттерін шешуге, ең алдымен, кооперацияға – осының барлығын аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыздандыру негізінде шоғырландыруы заңды.