ҚАЗАҚСТАН МҰНАЙЫНЫҢ ГЕОСАЯСАТЫ: ЭКСПОРТТЫҚ БАҒЫТТАР, ТӘУЕКЕЛДЕР ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.48371/ismo.2026.64.2.012
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада Қазақстан Республикасының мұнай саясаты аясында жаһандық геосаяси өзгерістер мен энергетикалық қауіпсіздік арасындағы өзара байланыс сарапталады. Авторлар Қазақстан мұнайының сыртқы саясаттағы орны мен оның негізгі экспорттық бағыттарының – Каспий құбыр консорциумы (КҚК) және Транскаспий дәлізі – геосаяси, экономикалық және стратегиялық сипаттамаларына салыстырмалы талдау жүргізеді. Зерттеу барысында неореализм, неолиберализм және геосаяси редукционизм сияқты халықаралық қатынастар теориялары қолданылып, мұнай қауіпсіздігі, санкциялық тәуекелдер мен инфрақұрылымдық осалдықтар аясында Қазақстанның сыртқы саяси үдерістерден ұлттық мүдделерін қорғау стратегиялары қарастырылады. Сонымен қатар, мақалада көмірсутек ресурстарын әртараптандыру, экспорттық маршруттарды икемді ету, мұнай өңдеу инфрақұрылымын жаңғырту және энергетикалық дербестікті арттыру мәселелері де кеңінен қамтылған.ХХІ ғасыр халықаралық қатынастарда энергетика ғасыры деп аталуда. Себебі, мемлекеттердің және халықаралық құрылымдардың энергетикалық саясатқа дең қоюы, энергетикалық дипломатия, энергетикалық қауіпсіздік мүдделерінің жаһандық мазмұнға айналуы соның дәлелі.