АҚБӨКЕНДЕРДІҢ САН БАСЫН ЕСЕПКЕ АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША ПОПУЛЯЦИЯ ТЫҒЫЗДЫҒЫН АНЫҚТАУ

2026

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.37884/3-2026/16
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада ақбөкендердің сан басын есепке алу жұмыстары бойынша популяция тығыздығын анықтау қарастырылады. Ақбөкен популяцияларын есепке алу барысында олардың маусымдық миграциялық бағыттары, шоғырлану аймақтары және құрылымы кешенді түрде талданды. Зерттеу нәтижелері ақбөкендердің ойнақтау не көбею орындарына жиналғанға дейін аяқталуы керектігі, кеш жүргізілген есептік санақ жануарларды санауды қиындататыны және ол буаз аналықтар үшін стрестік жағдайлардың арттыратындығы және есепке алу жұмыстары ақбөкендердің популяциясына байланысты 15-20 сәуірге дейін аяқталғаны дұрыс екені анықталды. Ақбөкендердің саны мен тығыздығының артуына байланысты санақ нәтижелері дәлдігінің төмендеуіне Орал және Бетпақдала популяциясында ақбөкендер санындағы үлкен топтардын бағалаудың дәлдігі, сенімділігі мәселесі туындап отыр. Осыған байланысты, ақбөкендерді есептік санаудың әзірленген әдістемесін ескере отырып, оларды көбірек әуедегі ұшақтан аэрофототүсіруді жетілдіру жолдары ұсынылды. Аумақтағы ұшақтарға 40-сағаттық ұшудың орнына 50-сағаттық ұшу керектігі анықталды. Популяцияның тығыздығы жоғары жағдайларда санау және мониторинг сапасын жақсарту үшін жыл сайын әр популяциядағы іріктелген ақбөкендерді таңбалау қажет, бұл қозғалыстардың уақыты мен жалпы сипатын бақылауға және есептік санақ аймақтарын оңтайландырады. Жергілікті аңшы мамандармен біріге отырып, ақбөкендердің сан басына мониторинг жүргізу жүйесін дамытып отыру керектігі ұсынылды.