Вестник ЗКУ

2026

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.37238/2960-1371.2960-138x.2026.102(2).22
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

СЕМИОТИКАЛЫҚ РЕДУКЦИОНИЗМ: ФИЛОСОФИЯЛЫҚ АСПЕКТ Аңдатпа.Мақалада семиосфера (таңбалық құралдар жүйесі) ұғымы мəдениеттің феномені əрі атрибуты ретінде қарастырылады.Мəдениет көптеген гуманитарлық ғылымдардың зерттеу нысаны екені, алайда əрқайсысы оны өзіндік ерекшелігі мен əдіснамасы тұрғысынан зерделейтіні атап өтіледі.Бұл тұрғыда мəдениет философиясы, мəдениеттану жəне семиотика өзара барынша жақын ғылым салалары ретінде айқындалады.Автор таңбалық жүйелердің əлеуметтік-онтологиялық мəртебесін айқындауға талпыныс жасайды.Семиотиканы жүйелі зерттеудің іргелі еңбегі Тарту-Мəскеу семиотикалық мектебі өкілдеріне, əсіресе оның жетекшісі Юрий Михайлович Лотман есімімен байланысты екені көрсетіледі.Ол мəдениеттің семиотикалық қырын бөліп көрсете отырып, тұтас мəдени мазмұнды таңбалық жүйе ретінде редукциялады.Бұл ұстаным мəні жағынан семиотикалық редукционизм болып табылады.Сонымен қатар, Ю.М.Лотман мəдениетті ақпарат теориясы мен жасанды интеллект тұжырымдамалары негізінде түсіндірген ақпараттық-кибернетикалық семиотика моделін ұсынғаны талданады.Автор мəдени немесе табиғи феномендерге мағына, мəнділік немесе мазмұн беру арқылы олардың семиотикалық мəртебеге ие болуын талдайды.Аталған феноменнің семиотикалылығы, яғни таңбалық сипаты айқындалады.Нақты жəне идеал ұғымдарына талдау жасалып, нақты объектінің шынайы болмыста болмағанымен, идеалдық түрде өмір сүре алатыны көрсетіледі.Мақалада мəн, мəнділік жəне мазмұн ұғымдарын таңбаның немесе символдың эмпирикалық-заттық сипаттарынан шығарып алу мүмкін еместігі дəлелденеді.Қазақтың дəстүрлі тұрғын үйікиіз үйдің таңбалық жүйесіне талдау жасалып, оның құрылымдық элементтерінің əрқайсысы семиотикалық мəнге ие екені көрсетіледі.