ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАН ПОЛИГРАФИЯСЫНДА ШЕЛКОГРАФИЯ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ: БАСПА ІСІНДЕГІ ОРНЫ МЕН СҰРАНЫСЫ

2026

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.47940/cajas.v11i2.1184
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақала Қазақстандағы заманауи полиграфия саласында шелкография технологиясының орны мен сұраныс ерекшеліктерін зерттеуге арналған. Отандық полиграфия нарығында цифрлық баспа әдістерінің белсенді дамуына қарамастан, шелкографияның өндірістік және шығармашылық әлеуетінің сақталуымен байланысты мақала посткеңестік кеңістіктегі және халықаралық полиграфия саласындағы зерттеулерді жалғастыра отырып, шелкографияның қазіргі қолдану тәжірибесін ғылыми тұрғыда жүйелеуді мақсат етеді. Зерттеудің мақсаты – шелкографияның заманауи отандық полиграфия кәсібіндегі рөлін, қолдану ауқымын және нарықтағы сұраныс құрылымын анықтау. Осы мақсатқа жету үшін халықаралық және отандық ғылыми әдебиеттерді талдау, Алматы қаласындағы локальды типографиялардан эмпирикалық деректер жинау. Әдістер: зерттеу барысында байқау, сауалнама, сұхбат және салыстырмалы талдау әдістері қолданылды. Әдістер типографиялардағы нақты өндірістік процестерді сипаттауға, тапсырыс құрылымын анықтауға және студенттер мен кәсіби мамандардың технологияға қызығушылығын бағалауға бағытталды. Сонымен қатар, студенттер мен жас мамандар арасында технологияға қызығушылық жоғары, бұл оның оқу бағдарламасына енгізу қажеттілігін дәлелдейді. Сондай-ақ технологияның мерч, промо-өнімдер және корпоративтік баспа сегментінде тұрақты сұранысқа ие екені анықталды. Қазақстандағы полиграфия саласында өзекті практика мен білім беру бағдарламаларында қолданудың ғылыми негізін ұсынады. Мақала нәтижелері халықаралық оқырманға аймақтық тәжірибені түсінуге және салыстырмалы зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Зерттеу алғаш рет Қазақстандағы кәсіпорын тәжірибесін ғылыми айналымға енгізіп, эмпирикалық деректер негізінде аналитикалық қорытындылар ұсынды. Алынған нәтижелер өндірісте қолдану, оқу процесін жетілдіру және инновациялық технологияларды енгізу бойынша практикалық ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді.