PREREQUISITES FOR THE USE OF COMPOSITE BINDERS FOR FINE-GRAINED CONCRETE

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52081/tst.2026.v02.i14.085
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Қазіргі уақытта азаматтық және өнеркәсіптік құрылыстың конструкциялық материалы ретінде майда түйіршікті бетон құрылыстық материалтану саласында үздіксіз зерттелуде. Бұл қызығушылық майда түйіршікті бетон қоспаларын қолдану саласының кеңеюіне байланысты. Майда түйіршікті бетон қоспаларын қолдану сапалы бетондауды қамтамасыз етуге, күрделі монолитті темір бетон конструкцияларын салуға кететін еңбек шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Құрылыс тәжірибесіне майда түйіршікті бетондарды кеңінен енгізу қажеттілігі тиімді бетондармен темірбетон конструкцияларын дайындау үшін қажетті сапалы ірі толтырғыштың жетіспеушілігінен туындайды. Құрылыс практикасына майда түйіршікті бетондарды кеңінен енгізу олардың отыруының жоғарылығымен, кеуектіліктің жоғары көрсеткіштерімен, жарыққа төзімділіктің төмендігімен, жоғары байланыстырғыш зат шығынымен шектеледі. Осыған байланысты пайдалану қасиеттері жоғары майда түйіршікті бетондарды жасау өзекті мәселе болып табылады. Бұл мәселе байланыстырғыш затты әзірлеуді, оңтайлы құрамды таңдауды, сондай-ақ технологиялық регламенттерді әзірлеуді қамтитын кешенді амалды қажет етеді. Сонымен қатар мұндайбетондардың қатаю және пайдалану ерекшеліктерін ескеру қажет.Сондықтан көрсеткіштері жоғары композициялықбайланыстырғыш заттықарастыруөте маңызды. Жұмыста портландцементтен, сөндірілмеген әктен және белсенді минералды қоспадан тұратын композициялық байланыстырғыш заттың негізгі қасиеттерін зерттеу нәтижелері келтірілген. Бұл композицияны едәуір жақсарту мүмкіндігі портландцементтің әкпен және қышқыл белсенді минералды қоспалармен үйлесуіне байланысты.