Орта ғасыр деректеріндегі Арал–Каспий жер атаулары: лингвистикалық және топонимикалық талдау

2026

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52967/akz2026.2.32.423.443
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Географиялық атаулар белгілі бір аймақтың тарихи жады мен мәдени болмысын сақтайтын маңызды дереккөз деп білсек, ол атаулардың шығу тегі, мағынасы және тарихи өзгерістерін зерттейтін ғылым – топонимика тек тілді зерттеушілер үшін ғана емес, тарихшылар, археологтар үшін де қызықты болмақ. Бұл тұрғыдан келгенде, топонимдерді зерттеу тарихи география, тарихи лингвистика және мәдениет тарихы үшін ерекше маңызға ие. Мақалада ортағасырлық араб және парсы деректерінде кездесетін Арал–Каспий өңірі, Сырдария және Әмудария бассейніндегі жер-су, елді мекен атаулары қарастырылды. Зерттеу барысында топонимдердің жазба дерек беттерінде сақталған тарихи атау нұсқаларына шолу жүргізіліп, олардың семантикалық және этимологиялық ерекшеліктеріне талдау жасалды. Сонымен қатар атаулардың қалыптасу ерекшеліктері мен өзгерулеріне әсер еткен тарихи-саяси оқиғалар және табиғи факторлар да қосымша зерделенді. Зерттеу дереккөзі ретінде ортағасырлық мұсылман географтары мен тарихшыларының еңбектері, араб-парсы тіліндегі жазба деректер және ол деректерге үңілген ғалымдардың зерттеулері қолданылды. Зерттеу нәтижесінде Арал–Каспий аймағындағы көптеген географиялық атаулардың қалыптасуына көне парсы, соғды және түркі тілдерінің ықпалы болғаны анықталды. Сонымен қатар кейбір топонимдердің тарихи кезеңдерде үлкен аймақ атауы ретінде қолданылып, кейін шағын елді мекен атауына айналғаны, көне парсы атауындағы жер-су аттары кейінгі жазба дерек беттерінде XV ғ. бастап түркі атауларымен жазыла бастағаны байқалды.