Түрген I ерте темір дәуірі жерлеу кешенінің сәндік-қолданбалы және зергерлік бұйымдары

2026

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52967/akz2026.2.32.110.133
Достоверность данных 85 высокая
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада ерте темір дәуіріне жататын Түрген І қорымының жерлеу құрылымдары мен заттық кешені қарастырылады. Бұл жерлеу кешені құрылымдық жағынан күрделі және Іле Алатауының солтүстік беткейлеріндегі Түрген мәдени-тарихи ландшафты ескерткіштерінің ішіндегі ең ірілерінің бірі болып табылады. Жерлеу салтының негізгі элементтері бойынша салыстырмалы хронология аясында ол б.д.д. V–II ғғ. жатады. Қорым материалдары оны өңірдегі қола дәуірінің андронов қауымдастығына тән Көлсай (Федоров) дәстүрінен бастау алатын ерте темір дәуірінің Есік мәдениетіне жатқызуға мүмкіндік береді. Осы қорымның сәндік-қолданбалы және зергерлік бұйымдарын талдау барысында пішін қалыптастырудың бірқатар аймақтық және жергілікті түрлері анықталды. Бұл Жетісудың ерте темір дәуіріндегі сақ және үйсін кезеңдеріне тән бірқатар археологиялық кешендерді біріктіретін аймақтық мәдениет түрі туралы айтуға негіз болады. Дәл осы мәдениет зор шығармашылық әлеуеттің дамуына және әлемдік мәдениет қазынасына енген материалдық құндылықтардың жасалуына серпін берді.