ЖЫЛУ ЖЕЛІЛЕРІ СУЛАРЫН ИНГИБИТОРЛАРМЕН ӨҢДЕУ

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51775/2790-0886_2026_73_2_56
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Жылу желілеріне арналған қосылатын қорекі суды дайындау үшін ингибиторларды пайдалану дәстүрлі су дайындау қондырғыларын толығымен (немесе ішінара) жоюға мүмкіндік береді және табиғи суды пайдаланып қақсыз жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл пайдалану шығындарын және жоғары минералданған ағынды сулардың көлемін айтарлықтай азайтады. Бұл жұмыстың мәні - жылу желілеріне арналған қосылатын қорекі суды дайындаудың дәстүрлі ион алмасу әдісінің орнына қолданылуы мүмкін коррозия мен қақ ингибиторларын пайдалану. Ион алмасудан айырмашылығы, ингибиторларды пайдалану ағынды сулардың көлемін, сондай-ақ ион алмасу шайырын регенерациялау кезінде қолданылатын су мен реагенттердің шығынын азайтады. Авторлар қосылатын қорекі суды дайындауда ингибитор ретінде пайдалану реагенттерді беру процесін автоматтандырудан басқа, суды тазарту технологиясына өзгерістер енгізуді қажет етпейтін реагенттердің алдын ала талдауын жүргізді. Ингибиторларды қолданудың ұсынылған әдісі жабдықтың ішкі беттерінде қақтың пайда болуына жол бермей, сонымен қатар жабдықты коррозиядан қорғайды. Авторлар гилуфер және ОЭДФК ингибиторларын сынау кезінде олардың тиімділігін растайтын нәтижелер алды. Дегенмен, судың бірдей көлемін өңдеген кезде ОЭДФК азырақ мөлшерде тұтынылатындықтан, артықшылыққа ие. Бұл ОЭДФК және гилуфердің сағаттық тұтынуын есептеу арқылы көрсетілген. Ұсынылған ингибиторлар Алматы қ. жылу желілерінде қосылатын қорекі суын дауындауда қолданылуы мүмкін.