ҚАПШАҒАЙ СУ ҚОЙМАСЫНДАҒЫ ҚАРАКӨЗ RUTILUS CASPICUS (YAKOVLEV 1870) ПОПУЛЯЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖӘНЕ КЕҢІСТІКТЕГІ ТАРАЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2026

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.26577/bb107220265
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада 2024 жылы жүргізілген ихтиологиялық зерттеулердің деректері негізінде Қапшағай су қоймасында қаракөз популяциясының құрылымдық сипаттамалары, оның ішінде жастық құрамы, ұзындық-салмақтық көрсеткіштері және жыныстық құрылымы қарастырылған. Ауланған даралардың ұзындық мәндері 89-323 мм аралығында ауытқыса, популяциясы бойынша орташа ұзындығы 193 мм құрады. Үлкен салмағы бойынша 11-622 г аралығында ауытқып, орташа көрсеткіші 163 г сәйкес келді. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес қаракөз балықтарының жастық қатары 2-8 жас аралығын құраса, олардың 4-6 жастағы дараларының үлесі басым болды. Ұзындық құрамы бойынша модальды класты 150-199 және 200-249 мм ұзындықтағы даралар құраса, салмақтық құрылымы тиісінше 120-179 және 180-239 г аралығындағы даралардың үлесіне тиесілі болды. Аталған сипаттамалар қаракөз балықтарының 30 мм ұяшықты ғылыми ауларға жиі түсуімен де расталады. Кейінгі жылдары аталған су қоймада қаракөз популяциясының құрылымдық көрсеткіштері жоғарылағаны байқалады. Ғылыми аулардың талдау нәтижесіне сәйкес көктемнен күзге қарай қаракөз балықтарының саны жоғарылайды. Интерполяциялық әдіс бойынша қаракөз популяциясының кеңістіктегі маусымдық таралу динамикасы анықталды. Көктем айларында қаракөз популяциясының кеңістіктегі таралуы Қапшағай су қоймасының оң жағалау акваториясында байқалса, ал жаз және күз мезгілдерінде олардың шоғырлануы сол жағалау акваториясының өзен сағалары маңында болатындығы анықталды. Балықтардың кеңістіктегі маусымдық таралу ерекшелігі де шоғырланған аймақтардағы қоректік базасының жоғары деңгейімен және де басқа да абиотикалық факторламен байланысты болуы ықтимал.