STUDY OF THE ADAPTATION POTENTIAL OF DROUGHT-TOLERANT PLANTS UNDER CLIMATE CHANGE IN SOUTHERN KAZAKHSTAN

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52081/bkaku.2026.v77.i2.334
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақалада Қазақстанның оңтүстігіндегі тау бөктері және шөлейт аймақтары жағдайында қуаңшылыққа төзімді өсімдік тұқымдарының егістік сапасы мен метеорологиялық жағдайларды ескере отырып, көпкомпонентті агрофитоценоздардың өсімдік жамылғысының қалыптасуына сандық және сапалық көрсеткіштер бойынша әсерін зерттеу нәтижелері ұсынылған. 2024 жылы жүргізілген метеорологиялық деректер мен зертханалық зерттеулерді талдау негізінде өңірдің тау бөктері және шөлейт аймақтарындағы табиғи жайылымдардың жағдайының нашарлауына ықпал ететін негізгі факторлар анықталды. Анықталғандай, 2024 жыл температуралық жағдайлардың аса шектен тыс болмауымен сипатталды: ыстық күндер саны азайды, түнгі ең төменгі температуралар артты және қыс мезгілі жұмсақ болды. Алдыңғы жылдармен салыстырғанда, 2022 жылдың жазы ең ыстық болды (ең жоғары температура +44 °C-қа жетті), ал 2023 жылы ең төменгі температура (–26,7 °C) тіркелді. Сонымен қатар, 2022 және 2023 жылдардың орташа жылдық температуралары шамалас болды, ал 2024 жыл анағұрлым қалыпты температуралық режимімен ерекшеленді. Жылдық жауын-шашын мөлшері салыстырмалы түрде тұрақты болып, шамамен 600 мм құрады және жылдар арасында айтарлықтай ауытқулар байқалмады. Маусым–шілде айларында ауа температурасының ең жоғары деңгейге көтерілу заңдылығы анықталып, оның өсімдік жамылғысының өсуі мен дамуына елеулі әсер ететіні көрсетілді. Зертханалық зерттеулер қуаңшылыққа төзімді өсімдік тұқымдарының өну энергиясы 41,3%-дан 50,0%-ға дейін екенін көрсетті. Зерттелген дақылдардың ішінде сексеуіл тұқымының өну деңгейі ең төмен болды - 8,5%, бұл гектарға себу мөлшерін анықтаған кезде ескерілуі керек. Себудің оңтайлы агрономиялық параметрлері метеорологиялық жағдайлар мен тұқым себу сапасының көп компонентті агрофитоценоздардың жедел қалпына келу әсерін зерттеу барысында анықталды. қуаңшылыққа төзімді өсімдіктері үшін оңтайлы себу тереңдігі 3-5 см, ал топырақтың оңтайлы жоғарғы қабатының тереңдігі 30-32 см екені анықталды. Тау бөктері және шөлейт аймақтарда көп компонентті жайылымдарды жасау үшін қуаңшылыққа төзімді өсімдік тұқым өну сапасын бағалаған кезде жусан тұқымдарының өну деңгейі 19%-дан аспады. Алдын ала өңдеусіз кейреуік және шоған тұқымдарының өну деңгейі сәйкесінше 25% және 8% болды.