Жоғары оқу орындарының маркетингтік әлеуеті: цифрлық технологиялар мен инновациялық тәсілдер

2026

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2789-4320-2026-2-133-145
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл зерттеу Digital дәуіріндегі жоғары білім беру үрдісінің маркетингтік әлеуетіне арналған. Қазіргі таңда, білім беру саласы жылдам цифрлануда, ал жоғары оқу ұйымдары өз бәсекелестік позицияларын сақтау және арттыру үшін жаңа технологиялық-маркетингтік шешімдерді қолдануға мәжбүр болуда. Мақаланың мақсаты - инновацияға негізделген маркетингтік және цифрландыру құралдарын қолдану арқылы білім беру ұйымдарының бәсекелестік артықшылықтарын және оларды пайдаланудың тиімді жолдарын айқындау. Мақаланы әзірлеу барысында әдеби шолу, салыстырмалы талдау, статистикалық мәліметтерді өңдеу және кейс-стади зерттеу әдістері қолданылды. Бұл әдістер білім беру ұйымдарының цифрлық маркетинг стратегияларының тиімділігін бағалауға мүмкіндік берді. Зерттеу нәтижелері - цифрлық маркетинг құралдарын, нақты айтсақ SEO, контент-маркетинг және электрондық платформаларды қолданатын жоғары білім беру ұйымдары білім беру сапасын жетілдіруде және имиджін қалыптастыруда айтарлықтай артықшылыққа ие болатындығына қатысты келтірілген талдаулар және көрсеткіштермен сипатталады. Жұмыстың ғылыми маңыздылығы – білім беру және маркетинг теориясын біріктіре отырып, жоғары оқу үрдісіндегі цифрлық трансформациялық үрдісті талдау. Тәжірибелік мәні – білім беру ұйымдарына цифрлық маркетинг құралдарын енгізу арқылы нарықтағы позицияларын күшейтуге бағытталған ұсыныстар жасау. Қорытындылар: осы зерттеу жоғары білім беру саласына цифрлық маркетингтің маңыздылығын нақты мысалдар арқылы көрсетіп, білім беру ұйымдарының стратегиялық шешім қабылдау процесіне үлес қосады. Жұмыс нәтижелері жоғары білім беру саласының менеджерлеріне маркетингтік іс-әрекеттерді жоспарлауда, білім беру бағдарламаларын дамытуда және ұйымдардың нарықтағы бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыруда тәжірибелік қолданысқа ұсынылады.