Жоғары білім нарығымен интеграция жолындағы Қазақстанның еңбек нарығының мақсатты индикаторларының икемділігі

2026

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2789-4320-2026-2-87-100
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Қазақстанда жоғары білім беру жүйесі мен еңбек нарығының үйлесімділігі маңызды мәселе болып отыр. Мамандықтарға сәйкес келмейтін түлектердің саны экономикалық дамуға және жұмысқа орналастыру тиімділігіне кері әсерін тигізеді. Зерттеудің мақсаты – зерттеу Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесі мен еңбек нарығы арасындағы өзара байланысты сандық тұрғыдан бағалап, түлектердің жұмысқа интеграциясына әсер ететін негізгі факторларды анықтауға бағытталған. Әдістері – 2015–2024 жылдарға арналған деректер және 2026–2030 жылдарға болжамдар қолданылып, көпфакторлы сызықтық регрессиялық модель құрылған. Білім беру құны, орташа жалақы және 15 жастан жоғары халық саны түлектер санына қалай әсер ететінін талдау үшін серпімділік коэффициенттері және интеграция индексі есептелген. Нәтижелер – Регрессиялық талдау көрсеткендей, орташа жалақының 1%-ға өсуі түлектер санының шамамен 1,005%-ға азаюына әкеледі, ал 15 жастан жоғары халық санының 1%-ға өсуі түлектер санын 0,468%-ға арттырады. Интеграция индексі 2015 жылы 9,6 болса, 2024 жылы 2,7-ге дейін төмендеген, бұл еңбек нарығына бейімделудің біртіндеп жақсарғанын көрсетеді. Қорытындылар – Зерттеу нәтижелері жоғары білім беру және еңбек нарығы арасындағы құрылымдық айырмашылықтарды айқындап, саясатты оңтайландыруға қажеттілікті көрсетеді. Бұл түлектерді жұмысқа орналастыру мен еңбек ресурстарын жоспарлауда практикалық ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді.