Аннотация
Мақалада цифрландыру дәуірінде мектептегі информатика пәнін ағылшын тілімен кіріктірудің өзекті мәселелері қарастырылады. Қазіргі білім беру жүйесінде информатика оқушылардың тек техникалық дағдыларын ғана емес, алгоритмдік ойлауын, деректермен жұмыс істеу қабілетін және цифрлық сауаттылығын дамытуға бағытталуы тиіс. Осы тұрғыда ағылшын тілін меңгеру бағдарламалау тілдерін түсіну мен техникалық құжаттамамен жұмыс істеудің маңызды шарты болып табылады. Зерттеу барысында мектеп оқушылары арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде бағдарламалауды меңгерудегі негізгі кедергілер ретінде сөздік қордың жеткіліксіздігі және ағылшын тіліндегі материалдарды түсінудегі қиындықтар анықталды. Осы мәселелерді шешу үшін CLIL әдістемесіне негізделген үш деңгейлі "Answer Cards" жүйесі ұсынылды. Ұсынылған тәсіл синтаксистік, визуалды және оқыту деңгейлері арқылы оқушыларға сараланған қолдау көрсетіп, олардың тілдік және пәндік құзыреттіліктерін дамытуға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері бұл әдістеменің тиімділігін дәлелдеп, білім беру тәжірибесінде қолданудың маңыздылығын көрсетеді.