КЕҢЕСТІК ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДАН АЙЫРУ ТӘЖІРИБЕСІ: «АЙЫРЫЛҒАНДАР» МЕН «ҚҰҚЫҚСЫЗДАР» КАТЕГОРИЯЛАРЫ

2026

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51943/2788-9718_2026_29_2_851-865
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Кіріспе. Мақалада Кеңестік Қазақстанда революциядан кейін биліктің таптық саясат аясында қабылданған нормативті-құқықтар актілері аясында сайлау құқығының шектеу мәселесі қарастырылған. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты – Кеңестік Қазақстанда сайлау құқығынан айырылған азаматтардың категорияларын анықтау және сараптау. Сонымен қатар жүргізілген саясаттың салдарын анықтау. Зерттеудің міндеті нормативтік-құқықтық актілер аясында құқығынан айырылған азаматтардың әлеуметтік топтарын және олардың қоғамдық-саяси өмірдегі ролін анықтау. Материалдар мен әдістер. Зерттеу архивтік құжаттар, нормативтік-құқықтық актілер мен сайлау мекемелерінің материалдары негінде жүргізілген. Мақалада тарихи-генетикалық, салыстырмалы, хронологиялық әдіс және сайлау құқығынан айырылған азаматтардың жеке істеріндегі материалдар қолданылған. Нәтижелер Жергілікті билік азаматтардың үстінен түскен арыздар негізінде сайлау құқығынан айырып отырған. Түскен арыздар негізінен азаматтарды саудамен айналысқандығы, патша әкімшілігінде жұмыс істегендігі туралы мәліметтерден тұрған. Сайлау құқығынан айырылғандардың ішінде көпестер, саудагерлер, діни қызметкерлер, бұрынғы патша шенеуніктері, жалдамалы еңбек қолданғандар. Көртеген азаматтар жергілікті биліктің шешімдеріне қатысты өтініштер жазып тұрған. Жадпы тәжірибеде қоғамда билікке жағымдылар мен билікке «жаттарға» бөлінді. Жергідікті билік орындары заңсыз немесе дәлелсіз сайлау құқығынан айырған жағдайды оң шешіммен шеше алмаған кезінде, ортылақ сайлау орындары арыздарын жіберіп тұрды. Қорытынды. Кеңестік Қазақстанда сайлау құқығынан айыру таптық негізде жүргізілді. Сайлау құқығынан айырылғандарға бұрынғы кездегі қоғамда артықшылықтарға ие болған топ ретінде қарастырды. Шын мәнісінде сайлау құқығынан айырылғандардың тізімінің өсуі азаматтардың үстінен түскен арыздардың негізінде қалыптасты. Азаматтар шығарылған өкімдерге қарсы арыздар түсіріп отырды. Жергілікті жерлерде өтініштер нәтижесіз болған жағдайда азаматтар Орталық сайлау комитетіне шағындануға мәжбүр болды.