ҚАЖЫМ БАСЫМОВТЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ СИНТАКСИСІ МЕН ПУНКТУАЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАРЫ

2026

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.47526/3107-3085.346
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақала қазақ тіл білімі тарихындағы синтаксис пен пунктуация теорияларының қалыптасуын, сондай-ақ ұлттық тілдік дидактиканың және оқыту әдістемесінің даму жолдарын тереңірек зерттеуге арналған. Зерттеудің негізгі мақсаты – ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ зиялыларының көрнекті өкілі, білікті әдіскер-педагог, профессор Қажым Аманғалиұлы Басымовтың (1896–1939) қазақ тілінің синтаксисі мен пунктуациясына, сондай-ақ орфографиясы мен терминологиясын жүйелеуге қосқан ғылыми үлесін кешенді түрде талдау. Зерттеу әдіснамасы ғалымның 1930-жылдардағы іргелі ғылыми-әдістемелік еңбектеріне, оның ішінде «Ауыл мұғалімі» және «Халық мұғалімі» журналдарында жарияланған маңызды мақалаларына жүргізілген контент-анализ, тарихи-салыстырмалы және мәтіннамалық талдауларға негізделген. Зерттеу барысында Қажым Басымовтың синтаксисті оқытуға жалаң формальды емес, функционалдық-прагматикалық тәсілді алғашқылардың бірі болып енгізгені нақты анықталды. Оның сөйлем мүшелерін, әсіресе күрделі пысықтауыш санаттарын мағыналық топтарға жіктеудегі жаңашылдығы, сондай-ақ ауызекі сөйлеуге тән «толымсыз сөйлемдер» ұғымын ғылыми айналымға енгізуі нақты лингвистикалық мысалдармен дәлелденді. Бұған қоса, тыныс белгілерін қоюдағы интонациялық-логикалық принципі жан-жақты қарастырылып, оның Ахмет Байтұрсынұлы, Құдайберген Жұбанов сынды ізашарлардың еңбектерімен тарихи сабақтастығы айқын көрсетілді. Қорытындылай келе, ғалымның құрылымдық-функционалдық тұжырымдары қазақ тілін оқыту әдістемесінің және қазіргі коммуникативтік синтаксистің дамуына өте мықты іргетас болғаны ғылыми тұрғыдан толық негізделді. Бұл зерттеу ұлттық лингвистика тарихындағы ғалым мұрасының өзектілігін қайта жаңғыртады.