БОЛАШАҚ ШЕТЕЛ ТІЛІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰЗРЕТТІЛІГІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН МАЗМҰНЫ

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.48371/peds.2026.81.2.021
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада инклюзивті білім беру жағдайында болашақ шетел тілі мұғалімдерінің әлеуметтік-педагогикалық құзыреттілігінің сипаты, құрылымы мен мазмұны қарастырылады. Мақаланың мақсаты – болашақ шетел тілі мұғалімдерінің инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істеуге қажетті әлеуметтік-педагогикалық құзыреттілігінің құрылымдық компоненттерін ғылыми тұрғыдан негіздеу. Заманауи ғылыми-педагогикалық еңбектерді талдау инклюзивті ортадағы тіл мұғалімдерінің әлеуметтік-педагогикалық құзыреттілігі күрделі әрі интегративті сипатқа ие құбылыс екенін көрсетеді. Оны қалыптастыру пәнаралық және жүйелік-әрекеттік тәсілдерді талап етеді. Жоғары педагогикалық білім беруді жаңғырту ерекше білім беру қажеттіліктері бар (ЕББҚ) білім алушыларға шетел тілін меңгеруде тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында бакалавриаттың білім беру бағдарламалары мазмұнын жаңартуды көздейді.Әлеуметтік-педагогикалық құзыреттілік болашақ мұғалімнің шетел тілі арқылы оқушылардың гетерогенді топтарын педагогикалық сүйемелдеу, әлеуметтендіру және бейімдеу үдерістерін жүзеге асыруға бағытталған теориялық даярлығы мен практикалық дағдыларының бірлігін сипаттайтыны анықталды. Мақалада аталған құзыреттіліктің төрт негізгі компоненті негізделеді: құндылықты-мотивациялық, когнитивті, белсенділік-коммуникативтік және рефлексивті-бағалаушылық.Мақаланың эмпирикалық бөлімінде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің педагогикалық факультетінде «Екі шетел тілі мұғалімі» мамандығы бойынша білім алатын 2-курс студенттері (іріктеме көлемі – 150 студент) арасында сауалнама жүргізілді. Алынған нәтижелер студенттердің басым бөлігінде құндылықты-мотивациялық компоненттің жоғары деңгейде қалыптасқанын, алайда инклюзивті сыныптарда әлеуметтік-педагогикалық сүйемелдеуді тәжірибеде жүзеге асыруға бағытталған когнитивті және белсенділік компоненттерінің орташа және төмен деңгейде екенін көрсетті. Бұл болашақ мұғалімдерді даярлау жүйесіне арнайы әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы модульдерді енгізу қажеттілігін негіздейді.