ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ МЕН КӘСІБИ БІЛІКТІЛІК НЕГІЗІ

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.48371/peds.2026.81.2.003
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақала мазмұнындажоғары мектеп саласында отандық этнопедагогика ғылымы тұрғысынан педагог кадрлар даярлығын жүзеге асыруда ұлттық құндылықтарды педагогикалық үдеріс мазмұнында пайдаланудың маңызы мен өзектілігі жан-жақты сөз етіледі. Білім алушылардың кәсіби этнопедагогикалық білім, білік, дағдыларын қалыптастырудағы ұлттық құндылықтарды педагогика заңдылықтарына сай мақсатты, кешенді, жүйелі пайдаланудың қажеттілігі талданып, тұжырымдалады.Ұлттың зияткерлік қуатын құрайтын ұстаздар қызметінің «Адам – Адам» және «Адам – Таңба» жүйесінде көрініс табатын көп факторлы, қарама-қайшылыққа толы, күрделі екендігіне жан-жақты түсінік беріліп, тұжырымдалады.Автор этнопедагогикалық бағыттағы кәсіби даярлықтың маңызын бүгінгі қоғам талабына сай білім беру жүйелеріне ортақ «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыратын білікті педагог маман кадрлар қажеттілігі мен оларды ЖОО-да даярлау деңгейінің жеткіліксіздігі арасындағы қарама-қайшылықтарды негіздей отырып, проблеманы шешудің жолдарын ұсынады. Осы бағыттағы зерттеулер үшін «құндылық», «ұлттық құндылықтар»ұғымдарының мәнін анықтап, мазмұнын түсінудің және олардың ара-жігін ажыратудың маңыздылығын тұжырымдай отырып, ұлттық құндылықтар жүйесін топтастырып ұсынады. Сонымен қатар автор орындалған зерттеулер негізінде «этнопедагогикалық дайындық», «этнопедагогикалық білім беру», «этнопедагогикалық мәдениет»ұғымдарының мәнін түсінудің маңыздылығын баса айтады. Педагогикалық теория мен бүгінгі тәжірибе арасындағы байланысты негіздей отырып, жаһандық құзыреттіліктер мен қатар кәсіби этнопедагогикалық білім, біліктіліктер жүйесін ұлттық рухани-мәдени мұралар негізінде қалыптастырудың маңыздылығын айқындап көрсетеді. Осы орайда автор ЖОО білім беру бағдарламаларының, жеке оқу бағдарламалары мен оқу пәндерінің мазмұнын жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар беріп, өзіндік көзқарастарын білдіреді.