ТУБЕРКУЛЕЗ ЖӘНЕ ЭПИЛЕПСИЯСЫ БАР ЖҮКТІ ӘЙЕЛДІ ЖҮРГІЗУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ: КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ МУЛЬТИДИСЦИПЛИНАРЛЫҚ ТАКТИКА

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.26212/2227-1937.2026.44.74.010
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Жүктілік кезінде эпилепсиясы бар пациентте туберкулездің анықталуы сирек кездесетін және клиникалық шешім қабылдауды едәуір қиындататын жағдайға жатады. Бұл топта неврологиялық көріністер, инфекциялық интоксикация белгілері және жүктілікке тән физиологиялық өзгерістер бір-бірімен қабаттасып, диагнозды нақтылауды кешіктіруі мүмкін. Сондықтан ана мен ұрық қауіпсіздігін бір мезгілде бағалайтын, дәлелді әрі келісілген мультидисциплинарлық тәсіл қажет. Зерттеу мақсаты: Эпилепсиясы бар жүкті әйелде анықталған шашыранды туберкулездің клиникалық ағымын, диагностикалық ізденісін, дәрілік емді таңдаудағы шектеулерді және ана мен ұрыққа бағытталған емдеу тактикасын клиникалық жағдай негізінде сипаттау. Материалдар мен әдістер: 28 жастағы жүкті пациенттің стационарлық медициналық құжаттарына ретроспективті талдау жасалды. Анамнез, түскен кездегі клиникалық статус, зертханалық және аспаптық зерттеулер, фтизиатр, невролог, акушер-гинеколог, психиатр және реаниматолог қорытындылары, сондай-ақ емге жауап динамикасы жүйелі түрде бағаланды. Нәтижелер: Пациент жүктіліктің 24 аптасында бірнеше эпилептикалық ұстамадан кейін сопор жағдайында стационарға түсті. Кеуде қуысының компьютерлік томографиясы және бронхоальвеолярлық шайындыға жүргізілген GeneXpert зерттеуі екі өкпенің шашыранды туберкулезін, ыдырау фазасын анықтауға негіз болды; ликвор бойынша GeneXpert теріс болып, туберкулезді менингит расталмады. Екінші қатардағы туберкулезге қарсы ем, құрысуға қарсы, дегидратациялық, симптоматикалық және қолдаушы терапия консилиум шешімімен жүргізілді. Динамикада сана деңгейі жақсарып, ұстамалар сиреді, өкпедегі ошақтардың ішінара сорылуы байқалды. 33 аптада ұрықтың қауіпті жағдайына, құрсақішілік дамудың тежелуіне, қағанақ суының аздығына және доплерографиялық бұзылыстарға байланысты кесар тілігі орындалды; шала туған нәрестенің жағдайы кейін тұрақтанды. Талқылау: Бұл бақылау бұрын туберкулезбен ауырған және эпилепсиясы бар жүкті әйелдерде фтизиатриялық қырағылықтың төмендемеуі керектігін көрсетеді. Неврологиялық симптомдардың эпилепсиялық статустан, менингизмнен, интоксикациядан немесе туберкулезді менингиттен болуы мүмкін екені диагностикалық алгоритмді кеңейтуді талап етті. GeneXpert нәтижелерін микроскопиямен бірге түсіндіру, екінші қатардағы препараттардың қауіп-пайда арақатынасын бағалау және ұрық жағдайын жиі бақылау осы жағдайдағы негізгі шешім нүктелері болды. Қорытынды: Эпилепсия, жүктілік және шашыранды туберкулездің бір пациентте қатар кездесуі ана мен ұрық үшін жоғары тәуекелмен байланысты. Диагностиканы ерте бастау, туберкулезді менингитті уақытында жоққа шығару, дәрілердің ықтимал өзара әсерін ескеру және мамандардың келісілген әрекеті қолайлы ана-перинаталдық нәтижеге жетудің негізгі шарты болып табылады.