ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ КИНОСЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚ: КЕЙІПКЕР БЕЙНЕСІНДЕГІ ТРАНСФОРМАЦИЯ

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.47940/cajas.v10i1.965
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Қазақ кино өнері соңғы жылдары көптеген өзгерістерге ұшырап, ұлттық мәдениетті және әлеуметтік мәселелерді шынайы әрі әсерлі түрде көрсетуге бағытталған фильмдермен байып келеді. Әрбір жаңа фильм қоғамдағы өзгерістерді, мәдени құндылықтар мен тың тақырыптарды көрерменге жеткізудің бірегей құралына айналуда. Бұл өз кезегінде кейіпкерлер бейнесіндегі өзгерістердің пайда болуына ықпал етті. Мақалада соңғы бес жылдағы қазақ киносындағы жаңашылдық, соның ішінде кейіпкерлер бейнесіндегі трансформация мәселесі зерттеледі. Осыған орай, зерттеудің мақсаты – заманауи қазақ киносындағы кейіпкер бейнесінің трансформациясын анықтап, оның әлеуметтік және мәдени аспектілерін талдау болмақ. Заманауи қазақ киносының кейіпкер бейнесіндегі трансформация мәселесін қарастыруда контент-талдау, салыстырмалы талдау, символикалық интерпретация, мәтіндік талдау секілді әдіс-тәсілдер қолданылды. Бұл аталған тәсілдер зерттеу тақырыбын жан-жақты талдауға мүмкіндік берді. Мысалы, мәтіндік талдау әдісі арқылы кейіпкердің тұлғалық және әлеуметтік маңызының ерекшеліктері, ондағы өзгерістер қарастырылды. Сонымен қатар, визуалды семиотика әдісі арқылы фильмдердегі символика мен мазмұндық негіздің өзара байланысы сарапталды. Бұл әдістер кейіпкер бейнесінің өзгеру динамикасын түсінуге мүмкіндік беріп, сол арқылы қазіргі қазақ киносындағы жаңашылдықты анықтауға ықпал етті. Қазақ киносының ұлттық ерекшеліктерін және жаһандық кино үрдістерімен үйлесімділігін анықтауда тарихи-мәдени зерттеу әдісі қолданылды. Осы ретте әртүрлі жанрда түсірілген «Жамбыл. Жаңа дәуір», «Набат операциясы», «Бауырына салу», «Братья», «Oт» және «Үміт сәулесі» фильмдері зерттеу нысаны ретінде таңдалып, кейіпкерлер бейнесіндегі трансформация қарастырылды. Зерттеу барысында кейіпкерлердің тұлғалық болмысы, мінез-құлқы мен психологиялық жәй-күйі әлеуметтік және мәдени өзгерістермен тығыз байланысты екені анықталды. Қазіргі қазақ киносының кейіпкерлері әлеуметтік жағдайды, жеке тұлға мен қоғам арасындағы қарым-қатынастың деңгейін, ұлттық дәстүрлер мен заманауи құндылықтар арасындағы қарама-қайшылықтарды көрсетуге мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері бүгінгі қазақ киносы контекстінде кейіпкер бейнесі трансформациясының маңызды тұстарын анықтайды. Ал практикалық маңызы, әсіресе, кино өндірушілер үшін жаңа шығармашылық тәсілдер мен кейіпкерлер бейнесін ұсынуға мүмкіндік береді.