ҚАЗАҚСТАНДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ҮШІН МОБИЛЬДІ ТҰРҒЫН ҮЙДІ ЖОБАЛАУ ҚАҒИДАЛАРЫ

2026

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.47940/cajas.v11i1.1148
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Зерттеу төтенше жағдайлар кезінде қолдануға арналған мобильді тұрғын үйлердің сәулеттік қағидаларын Қазақстан жағдайына бейімдеу мәселесіне арналған. Тақырыптың өзектілігі климаттың ғаламдық өзгеруі мен табиғи және техногендік апаттардың жиілеуіне байланысты тұрғын орта тұрақтылығы мен бейімделгіш сәулет шешімдеріне сұраныстың артуымен айқындалады. Жұмыс халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып, Қазақстан аумағындағы мобильді сәулет дамуын жүйелі ғылыми тұрғыда жалғастырады. Зерттеудің мақсаты – төтенше жағдайлар кезіндегі климатқа бейімделгіш, энергияны үнемдейтін және әлеуметтік тұрғыда қолайлы мобильді тұрғын үйлерді жобалаудың сәулеттік-әдістемелік негіздерін анықтау. Міндеттері – табиғи және техногендік қауіп факторларын талдау, халықаралық және отандық тәжірибелерді салыстыру, бейімделгіш типологиялық үлгілерді ұсыну және энергия тиімді жобалау стратегияларын негіздеу. Әдіснамалық негізді талдамалық, салыстырмалы, типологиялық және климаттық-аналитикалық әдістер құрады. Бұл тәсілдер төтенше жағдайлар контекстінде тұрғын үйлердің кеңістік ұйымдасуы мен құрылымдық жүйесін анықтауға бағытталды. Зерттеу нәтижесінде Қазақстанның төрт аймақтық сценарийіне арналған кеңістік-морфологиялық типтер (сызықтық, радиалды және кластерлік) жүйеленді. Жеңіл болат қаңқасы мен сэндвич-панельдердің үйлесімі негізіндегі модульдік құрылыс жылдам жиналатын және қайта қолдануға бейім жүйе ретінде анықталды. Пассивті жобалау стратегиялары (күн сәулесін реттеу, табиғи желдету, жылу оқшаулау) энергия тұтынуды азайтуға және автономдылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Талқылау нәтижесінде мобильді сәулет тек инженерлік шешім емес, әлеуметтік тұрақтылық пен мәдени сәйкестіктің көрінісі ретінде қарастырылды. Жалпы қорытындыда зерттеу нәтижелері Қазақстанда мобильді сәулетті тұрақты даму стратегиясының құрамдас бөлігі ретінде қарастырудың ғылыми негізін қалыптастырды. Практикалық маңыздылығы – апат аймақтарында, маусымдық және шалғай қоныстарда қолдануға болатын бейімделгіш тұрғын үй жүйесін жобалауға мүмкіндік беруінде. Зерттеу нәтижелері халықаралық деңгейде экологиялық тұрақты және әлеуметтік үйлесімді сәулет тәжірибесін дамытуға үлес қосады.