ЗАМАНАУИ ҚАЗАҚ КИНЕМАТОГРАФЫНДАҒЫ ӘЙЕЛ РЕЖИССЕРЛЕРДІҢ ФИЛЬМДЕРІНДЕГІ АРХЕТИПТІК ӘЙЕЛ БЕЙНЕЛЕРІ

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.47940/cajas.v10i1.995
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада заманауи қазақ кинематографиясындағы әйел режиссерлердің фильмдеріндегі архетиптік әйел бейнелері қарастырылып, олардың терең символикалық мәні мен көркемдік қырлары зерттеледі. Заманауи қазақ киносындағы әйел режиссерлер қатарында Айжан Қасымбектің «Мадина», Шарипа Уразбаеваның «Мариям» және Малика Мұхаметжанның «Қарлығаш» фильмдеріндегі архетиптік әйел бейнелері кең мазмұнды қамтиды. Аталған фильмдер бойынша ана архетипі, күрескер архетипі және іздеуші архетипі талданады. Бұл архетиптер қазақ мәдениеті мен қоғамындағы әйелдің әлеуметтік, мәдени және рухани рөлдерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Мақаланың мақсаты – қазақ киносындағы дәстүрлі көзқарастар мен заманауи тенденциялардың үйлесіміне баса назар аудара отырып, қазіргі мәдени өзгерістер контекстіндегі архетиптік әйел бейнелерін зерттеу. Тақырыптың өзектілігі – әйел режиссерлердің фильмдері негізінде архетиптік әйел бейнелері мен олардың ерекшеліктерін жан-жақты талдау қажеттілігінде. Мақалада талданатын туындылар заманауи қазақ қоғамындағы әйел бейнелерінің сан қырлы болмысын, олардың өзіндік әлемі мен ішкі жан-дүниесіндегі қарама-қайшылықтарды және қоғамдағы ахуалдың ықпалын бейнелейді. Зерттеудің әдістемелік және теориялық негізі ретінде психоаналитик Карл Юнгтің ұжымдық бейсаналық теориясы мен психология саласындағы еңбектері және Джозеф Кэмпбеллдің ғылыми зерттеулері қарастырылады. Зерттеу жұмысы барысында философиялық, психологиялық, кинотанушылық, теориялық-әдіснамалық зерттеу әдістері, сонымен қатар нарративтік талдау, семиотикалық және әлеуметтік контекстті талдау әдістері қолданылады. Зерттеу нәтижелері әйел режиссерлердің фильмдеріндегі архетиптік бейнелердің тек ұлттық қана емес, әмбебап мағынаға ие екенін көрсетті. Мысалы, «Мадина» фильмінде ана архетипі тек мейірімділік пен қорған рөлінде ғана емес, қоғамдағы ішкі жарақаттармен бетпе-бет келетін рухани ұстын ретінде де көрініс табады. «Мариям» фильмінде күрескер архетипі әйел бейнесінің ішкі күшін, әділетке ұмтылысын, әлеуметтік шектеулерге қарсы тұруын бейнелейді. Ал «Қарлығаш» туындысындағы іздеуші архетипі – рухани жол іздеудегі әйел бейнесі арқылы жаңа замандағы болмыстық сұрақтарға жауап іздеген кейіпкердің символына айналады. Халықаралық контексте, бұл зерттеу заманауи кеңістіктегі әйел режиссурасының ерекше дамуын, ұлттық мәдениеттің архетиптік құрылымдарын және олардың кино тілінде көркемдік трансформациясын көрсету арқылы мәдениетаралық диалогқа тың серпін береді. Сондай-ақ, жаһандық гендерлік және мәдени зерттеулерге қазақ киносындағы әйелдердің рөлі мен көркемдік бейнеленуі тұрғысынан жаңа бағыт ұсынады. Зерттеу нәтижелері қазіргі әлемдік кинематографияда әйелдердің әңгімесін тыңдау мен түсінудің маңыздылығын дәлелдей түседі.