АҚТӨБЕ ӨҢІРІНДЕ ӨСІРІЛГЕН ШЫРҒАНАҚ ЖЕМІСІНЕН ДӘРУМЕНГЕ БАЙ СИРОП ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.70239/arsu.2026.t84.n2.59
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Ақтөбе өңірінде өсірілген шырғанақ жемісінің ерекшеліктерін ескере отырып, дәруменге бай сироп өндірудің тиімді технологиялық шешімдері ұсынылады. Дәрумендердің сақталуын арттыруға мүмкіндік беретін оңтайлы өңдеу режимдері анықталып, өнімнің сапалық көрсеткіштеріне технологиялық факторлардың әсері ғылыми тұрғыдан негізделеді. Сонымен қатар жергілікті шикізат негізінде функционалды тағам өнімі ретінде жаңа сироп рецептурасы әзірленіп, оның тағамдық және биологиялық құндылығы бағаланады. Зерттеу барысында Ақтөбе өңірінде өсетін теңіз шырғанағының жемісін өңдеу мәселелері жан-жақты қарастырылады. Бірінші тарауда шырғанақ жемісінің ботаникалық сипаттамасы, химиялық құрамы және тағамдық құндылығы толық қарастырылды. Екінші тарауда Ақтөбе өңірінің шырғанақ өнімдерін өңдеуге қатысты зерттеу нәтижелері көрсетілді. Шикізатты алдын ала өңдеу әдістері - жуу, сорттау, калибрлеу, ұнтақтау - өнімнің сапасын қамтамасыз ететін алғашқы маңызды қадамдар болып табылады. Үшінші тарауда дайын өнімнің сапасын бағалау және технологиялық тиімділікті талдау жасалды. Шырғанақ сиропын өндірудің заманауи технологиялық әдістері ультрадыбыстық өңдеу, мембраналық сүзу, вакуумдық буландыру және пастеризация - өнімнің биологиялық құндылығын сақтауға, микробиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және дәмдік қасиеттерді жақсартуға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері өңірлік өсімдік шикізатын терең өңдеу бағытындағы ғылыми деректер қорын толықтыруға ықпал етеді.