ORGANIZATIONAL CULTURE AS A FACTOR IN IMPROVING LEARNING EFFECTIVENESS

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.70239/arsu.2026.t84.n2.17
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада «мәдениет» ұғымының теориялық негіздері жан-жақты қарастырылып, оның қоғамдағы әлеуметтік қатынастарға, тұлғаның жеке дамуына және әлеуметтік рөліне талдау жасалған. Авторлар ұйымдық мәдениеттің мазмұнына тоқталып, оның құрылымдық ерекшеліктері мен негізгі қызметтерін сипаттайды. Сонымен бірге студенттік топ әлеуметтік орта ретінде қарастырылып, ондағы ортақ құндылықтар, қызығушылықтар, мінез-құлық ережелері мен тұлғааралық қатынастардың маңыздылығы айқындалған. Білім беру кеңістігінде ұйымдық мәдениетті қалыптастырудың студенттердің өзара әрекеттесуіне әсері де назарға алынған. Зерттеудің практикалық бөлімінде студенттік топтағы ұйымдық мәдениеттің деңгейін анықтауға бағытталған диагностикалық жұмыстар жүргізілген. Нәтижесінде ұйымдық мәдениеттің студенттердің психологиялық ахуалына, қарым-қатынас деңгейіне және оқу әрекетінің тиімділігіне ықпал ететіні анықталған. Сонымен қатар топ мүшелері арасындағы сенім, ынтымақтастық, көшбасшылық қасиеттер және ортақ мақсаттарға ұмтылыс ұйымдық мәдениеттің негізгі көрсеткіштері ретінде қарастырылған. Жүргізілген зерттеу нәтижелері студенттік ортадағы ұйымдық мәдениеттің тұлғаның дамуына, оқу үдерісіне сәтті бейімделуіне және қолайлы психологиялық ахуалдың қалыптасуына елеулі ықпал ететінін көрсетті. Осыған байланысты студенттік топтағы ұйымдық мәдениетті жетілдіруге арналған тәжірибелік ұсыныстар әзірленіп, оларды оқу және тәрбие жұмыстарында пайдалану жолдары ұсынылған.