САТИРИЧЕСКОЕ ИЗОБРАЖЕНИЕ И ПОЭТИЧЕСКАЯ ЦЕЛОСТНОСТЬ В ПОЭЗИИ УТЕЖАНА НУРГАЛИЕВА

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.70239/arsu.2026.t84.n2.27
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақала ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Өтежан Нұрғалиев шығармашылығындағы сатиралық поэтиканың көркемдік табиғатын талдауға арналған. Ақын поэзиясындағы сатира мен юмордың идеялық-эстетикалық қызметі, олардың азаматтық лирикамен, философиялық оймен астасуы негізгі зерттеу нысаны ретінде қарастырылады. Өтежан Нұрғалиев сатираны тек күлкі тудырушы тәсіл ретінде емес, қоғамдағы моральдық-этикалық құндылықтарды саралайтын, адам болмысындағы кемшіліктерді әшкерелейтін пәрменді көркемдік құрал дәрежесіне көтерді. Мақалада ақынның «Дүниеқоңыз», «Өлең жазатын адам», «Арызқой», «Мен талантты ақынмын», «Дарынсыз драматургке» сияқты сатиралық өлеңдері поэтикалық тұтастық, образ жасау, ирония, сарказм, типтендіру және нақты есім беру тәсілдері тұрғысынан талданады. Сатиралық бейнелер арқылы ақын замандас мінезін, әдеби ортадағы тоғышарлықты, пысықайлықты, жалған бедел мен рухани жұтаңдықты сын тезіне салады. Сонымен қатар Өтежан Нұрғалиев поэзиясындағы юморлық сипаттың жеңіл күлкімен шектелмей, терең әлеуметтік, философиялық мазмұнмен ұштасатыны дәлелденеді. Зерттеу барысында салыстырмалы-типологиялық, поэтикалық талдау, мәтіндік интерпретация әдістері қолданылды. Мақала нәтижелері Өтежан Нұрғалиев поэзиясындағы сатиралық поэтиканың қазақ әдебиетіндегі орны мен көркемдік маңызын айқындауға мүмкіндік береді және қазақ поэзиясының даму үрдістерін зерделеуде ғылыми-теориялық тұрғыдан маңызды.