ҰЛТ ЖАДЫНЫҢ ЖАҢҒЫРЫҒЫ: АДАЛ АЗАМАТ ФЕНОМЕНІ

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.70239/arsu.2026.t84.n2.22
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақалада Өзбекәлі Жәнібеков тұлғасы «адал азамат» феномені тұрғысынан қарастырылып, оның ұлттық жадыны жаңғыртудағы және жастар тәрбиесіндегі рөліне талдау жасалды. Зерттеу барысында тарихи-салыстырмалы әдіс, контент-анализ, әлеуметтік интерпретация және жүйелік талдау тәсілдері қолданылды. Өзбекәлі Жәнібековтің қоғамдық қызметі ұлттық мәдениетті сақтау мен дамытуға, тарихи әділдікті қалпына келтіруге және рухани құндылықтарды қайта жаңғыртуға бағытталған кешенді процесс ретінде қарастырылады. Сонымен қатар Өзбекәлі Жәнібековтің балалық шағы туралы деректер беріледі. Зерттеу материалдары ретінде Ө.Жәнібековтің кітаптары, қайраткер туралы зерттеулер мен мақалалар қолданылды.Автор оның бастамасымен жүзеге асқан Наурыз мейрамын қайта жаңғырту, тарихи ескерткіштерді қалпына келтіру, музей ісін дамыту және Тайқазанды елге қайтару сияқты маңызды тарихи оқиғаларды талдайды. Сонымен қатар, мақалада Өзбекәлі Жәнібековтің жастар тәрбиесіне қатысты көзқарастары, оның ұлттық сана мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастырудағы рөлі айқындалады. Зерттеу нәтижелері Өзбекәлі Жәнібеков тұлғасы – ұлттық құндылықтарды сақтаудың, қоғамға адал қызмет етудің және жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеудің үлгісі екенін көрсетті. Оның мұрасы қазіргі жаһандану жағдайында ұлттық бірегейлікті сақтаудың және мәдени қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды факторы.