DEOXIDATION OF HIGH-CARBON FERROCHROME WITH ALUMINIUM DURING CASTING TO REDUCE THE FORMATION OF FINE FRACTIONS

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.70239/arsu.2026.t84.n2.35
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада жоғары көміртекті феррохромды ұсақтау кезінде майда фракцияның (0-10 мм) шығымын азайту мүмкіндігі зерттелген. Зерттеудің өзектілігі майда фракция көлемінің артуы технологиялық көрсеткіштердің нашарлауына, металл шығындарының көбеюіне және тауарлық өнім шығымының төмендеуіне алып келетіндігімен түсіндіріледі. Стандартты құю сызбасы жағдайында сұйық феррохромды АВ87 маркалы екінші реттік алюминиймен тотықсыздандырудың әсерін зерттеу мақсатында тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар жүргізілді. Құйманың құрылымындағы өзгерістер, кристалдану жағдайлары және материалдың жарықшақ түзілуіне бейімділігі бағаланды. Алюминийдің меншікті шығынының құйма түзілуіне және кейіннен ұсақтау барысында майда фракциялардың түзілуіне әсері талданды. Зерттеу нәтижесінде тотықсыздандырудың газ мөлшерін азайтып, құйманың тығыздығын арттыратыны, соның нәтижесінде морт сыну үлесінің төмендейтіні анықталды. Сынақ нәтижелері негізінде майда фракция шығымын барынша азайтып, технологиялық параметрлердің тұрақтылығын қамтамасыз ететін алюминий шығынының оңтайлы аралығы белгіленді. Алынған нәтижелер өндірістік жағдайларда жоғары көміртекті феррохромды құю технологиясын жетілдіру үшін қолданылуы мүмкін. Сондай-ақ алюминиймен тотықсыздандыруды қолдану қолданыстағы құю технологиясына елеулі өзгерістер енгізуді талап етпейтіні және айтарлықтай күрделі қаржы салымдарынсыз жүзеге асырылатыны атап өтілді. Бұл феррохром өндірісінің экономикалық тиімділігін арттыруға және металлургия өнеркәсібіндегі тауарлық өнім сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Осылайша, алюминий шығынын оңтайландыру тотықсыздандыру және кристалдану процестерін реттеуге, ішкі ақауларды азайтуға және өндірістік металлургиялық тәжірибеде құймалардың құрылымдық біртектілігін жақсартуға мүмкіндік береді.