ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ХОРЕОГРАФИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ МЕН ДАМУ МҮМКІНДІКТЕРІ

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.47940/cajas.v10i4.1138
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Локдаун қоғамдық мамандық иелерін кәсіби қызметті ұйымдастырудың және сапалы қызмет көрсетудің жаңа тәсілдерін қайта қарастыруға мәжбүр етті. Бұл үдеріс білім беру жүйесіне, соның ішінде ерекше талаптар қойылатын шығармашылық бағыттарға да елеулі әсерін тигізді. Атап айтқанда, кәсіби хореографиялық дағдыларды онлайн форматта меңгерудің күрделілігі өзекті мәселеге айналды. Зерттеуде әлемдік тәжірибеге негізделген кешенді және салыстырмалы талдау әдістері, сондай-ақ жалпы педагогика ғылымының қазіргі жетістіктеріне сүйенген әдіснамалық тәсілдер қолданылды. Салыстырмалы талдау пандемия жағдайында хореография факультеттерінің жаңа білім беру талаптарына бейімделу ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік берді, ал құрылымдық-семантикалық әдіс өзгерген жағдайларға сай инновациялық оқыту тәсілдерін негіздеуге бағытталды. Зерттеу нәтижелері оқыту үдерісін ұйымдастыру формаларын жетілдіру, білім алушылардың тұлғалық әлеуетін дамыту және хореографиялық білім беру саласында қашықтықтан оқыту технологияларын енгізу мәселелерін талдауға арналды. Зерттеу аясында қазақстандық хореографиялық білім беру жүйесінің ерекшеліктері анықталып, инновациялық технологияларды дамыту бағыттары ұсынылды. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарында пандемия жағдайына бейімделу, аралас және қашықтықтан оқыту формаларын енгізу тәсілдері айқындалды. Зерттеу нәтижелері практикалық маңызға ие болып, жоғары хореографиялық білім берудегі өзекті мәселелерді шешуге бағытталған.