ҚАЗАҚСТАН АЙМАҚТАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК КАПИТАЛ ЖӘНЕ ЭТНИКАЛЫҚ ӘРТҮРЛІЛІК

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52536/2788-5860.2026.90.2.010
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Роберт Патнам ұсынған этникалық әртүрлілік пен әлеуметтік ка-питал (әлеуметтік сенім және нетворкинг) арасындағы теориялық тұжырымға сүйеніп, этникалық әртүрлілік сенімнің төмендеуіне және АҚШ контекстінде нетворкингтың құлдырауына әкеледі деп санайды. Салдарынан жеке адамдар тасбақадай қабығына тығылып, қоғамдық өмірден алшақтайды. Бұл мақала этникалық әртүрлілік пен әлеуметтік сенім мен нетворкингтың Қазақстандағы ара-қатынасын зерттеуге бағытталған. Зерттеуде Дүниежүзілік құндылықтар деректері (2018-2020) және Қазақстанның Ұлттық статистикалық бюросы деректері қолданылады. Мақалада Этникалық әртүрліліктің Хиршман-Херфин-даль индексін есептеу арқылы Қазақстан аймақтары этникалық біртекті және гетерогенді аймақтарға бөлінген. Сонымен қатар, Қазақстанның 14 облысы мен республикалық маңызы бар 3 қаласы бойынша әлеуметтік сенім мен не-творкинг туралы деректер Дүниежүзілік құндылықтар зерттеуінен алынған. Этникалық әртүрлілік пен әлеуметтік сенім/нетворкинг арасындағы байланыс корреляциялық талдау арқылы зерттеледі. Нәтижесінде этникалық әртүрлілік пен әлеуметтік сенім кері байланыста екені көрсетіледі, ал нетворкинг пен этникалық әртүрлілік арасында статистикалық тұрғыда тұрақты байланыс жоқ екені көрсетіледі.