ТРАНСПЕРСОНАЛДЫ ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ ДІНИ МИСТИЦИЗМ(Станислав Грофтың еңбектері бойынша)

2026

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.48010/46deyd88
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада ХХ ғасырдың 60-шы жылдары Станислав Гроф негізін салған трансперсоналды психология ағымының діни мистицизммен байланысы проблемасы зерттеледі. Қазіргі таңда «интегралды психология» әдістемесі бойынша батыстық психологияның барлық бағыттарының тәжірибелерін үйлестіретін кез келді. Сол сияқты психология, философия және әлемдік мистицизм мектептерінің білімдерін интеграциялау үрдісі де адамзат тарихының императиві болып бағалануда. Өзінің эксперименталдық, практикалық сипатымен ерекшеленетін трансперсоналды психология адам санасының кеңейтілген картографиясын негіздеді, оның құрамына жеке тұлғалық психика деңгейінен басқа «трансперсоналды», «перинаталды» деңгейлер енгізілген. Әлемге әйгілі психолог, дәрігер-психиатр, гуманист-ойшыл С. Гроф академиялық ғылымның негізінде жатқан материалистік-механикалық парадигманы сынға алып, типологиялық жағынан діни мистикалық жүйелердің дүниепайымына жақын жаңа парадигманы негіздейді. Сонымен қатар, осы мектептің аясында қалыптасқан «холотроптық тыныс алу» әдісі адамға өзін-өзі тану мен психологиялық дерттерден айығу үшін арнайы жасалған заманауи психотехника ретінде ұсынылды. Трансперсоналды психология өзінің парадоксалдығымен, теориялық жағынан революциялық сипатта көрінуімен академиялық психология, дүниежүзі ғылыми қауымдастығының басым көпшілігі тарапынан толық мойындалмағанымен, С. Грофтың еңбектері әлемде үлкен қызығушылықпен қабылданады және оның жақтаушыларының қатары көбеюде. Мақалада шаманизм, суфизм практикаларындағы психотехникалар мәселесі қозғалады.